Түркістан облысы
Қазығұрт ауданының әкімдігінің
13.08.2025 жылғы №186 қаулысы
Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы
үшін иеліктен шығаруға байланысты
жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84 бабының 2-тармағының 5)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 қаулысының 3 тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 63 бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, Түркістан облысының Жер қатынастары басқармасының 03.07.2025 жылғы №35/1389, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының 29.07.2025 жылғы №05-4-10/1026 және аудандық жер қатынастары бөлімінің 12.08.2025 жылғы №356 хаттарына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025-2026 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасына сәйкес Қазығұрт ауданында ағаш отырғызу есебінен орманмен қамтылған аумақты ұлғайту үшін Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауыл округі аумағынан 3 жеке тұлғаларға тиесілі барлығы 77,3 гектар егістік жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2.Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын күн: 14.11.2025 жыл.
3.Қосымшада көрсетілген жер пайдаланушылар осы қаулыны қабылдағаннан кейін «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының (одан әрі – Заң) 69-бабына сәйкес келісім рәсімдеріне бастамашылық жасауға құқылы.
Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жүгінетін орын: «Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі №2/д үй.
1) осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, аудан әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда, тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
2) осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей Заңның 64 бабының 2–тармағына сәйкес жер пайдаланушыларға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны пошта жөнелтілімінің табыс етілгені туралы хабарламаны міндетті түрде алатындай етіп, пошта арқылы жіберсін, табыс етілгені туралы хабарлама болмаған жағдайда, осы тармақшада көрсетілген құжаттарды қайта жіберсін;
3) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерінің мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны дереу заңдық талап ретінде Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «13» тамыз
№ 186 қаулысына қосымша
Мемлекеттік мұқтажы үшін қайтарылатын жерлер тізімі.
|
қ/с |
Аты -жөні |
ЖСН/БСН |
Мекен жайы |
|
Кадастрлық нөмірі
|
Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер көлемі, га
|
Меншік түрі |
|
1 |
Байгулов Спандияр Билалович |
641108301166 |
Қызылқия а/о |
Қазығұрт ауданы әкімиятының 04.06.2002 жылғы №188 қаулысы |
19-289-080-777 |
23,2 |
Жалға |
|
2 |
Жандаров Толеген Ештайұлы |
591030301203 |
Қызылқия а/о |
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 10.04.2015 жылғы №135 қаулысы |
19-289-080-1337 |
15,0 |
Жалға |
|
3 |
Аширов Нуржан Сапабекович |
610729301009 |
Қызылқия а/о |
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 14.12.2017 жылғы №435 қаулысы |
19-289-080-1349 |
39,1 |
Жалға |
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
77,3 |
|
Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы М.ШАширбаев