Тұрбат ауылы округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Тұрбат ауылы округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 13 шілде де Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылы округі әкімінің сайлауы өтті.

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                   2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылы округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Тұрбат ауылы округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 6620 азамат енгізілді, олардың 4197 дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Куланов Е.А. – 493; Парманов Б.Т. – 3263;  Құлыпбеков Д.Т. - 422; «Барлығына қарсы» – 6.

1989 жылы туылған, Тұрбат ауылы округінің әкім орынбасары, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Парманов Болат Тохтарбаевич Тұрбат ауылы округінің әкімі болып сайланды.

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
14 июля 2025