Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

жүргізілген ішкі талдау анықтамасының

4 қосымшасы

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау  объектісінің атауы:

«Қазығұрт  ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, дербес бөлімдер, ауыл  мен ауылдық округтер әкімідерінің аппараттары

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Ауданы әкімінің орынбасарлары

Басшылық ететін салалардағы қабылданатын аудан  әкімі қаулыларының, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асуына жеке дара жауап береді. Ауданның мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы органдары мен аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында өз басшылақ ететін салалардағы мәселелердi қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау барысында, басшылық ететін бөлімдерінен, аудан әкімдігіне қарасты атқарушы органдардан және лауазымды адамдардан өз өкілеті шегінен тыс тапсырмаларды орындалуын талап еткен жағдайда, жеке мәселелерді шешуде қызметтік жағдайды пайдалануы  мүмкін.

2

Дербес бөлім басшылары

·        Бөлімшелердің жұмысын басқару және қамтамасыз ету, өз шеңберіндегі мәселелерді шешу.  Жұмыс орындарын ұйымдастыру, олардың тиімділігін қадағалау, қызметкерлерді оқыту және тәрбиелеу.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң талаптарын бұза отырып, негізсіз бір көзден жалпы келісім шарт түзілгендігі анықталған жағдайда және мемлекеттік қызмет көрсету барысында артық құжаттарды талап ету кезінде орын алуы мүмкін.

 

 

3

Дербес бөлім бас мамандары

                               

Бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруға қатысу. Орындауға берілген жұмыстар мен тапсырмалардың мерзімі сақтау және сапасын қамтамасыз ету.
Тізілімге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша әкімшілік шаралардың орындалуын жүзеге асыру.
Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік және басқа да ұйымдармен өзара әрекет ету.
Қазақстан Республикасының заңды күші бар заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру. Өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындау.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жер беру, автомобиль жолдарын салу, жөндеу, газ, су құбырларын, электр энергия желілерін тарту, күрделі жөндеу жұмыстарын қабылдап алу, мемлекеттік сатып алуды өткізу, зейнеткерлерге, мүгедектерге және ардагерлерге шипажайларға тегін жолдама беру, салынған ғимараттарды қабылдап алу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін.

4

Ауыл мен ауылдық округтер әкімдері

Мемлекеттік қызмет көрсету, ауылдық аймақтардың әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатын көтеру, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және тұрғындармен тығыз байланыс орнату.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында артық құжаттарды талап ету, қызмет алушы қызмет берушінің мекемесіне тікелей бару арқылы қызмет алуы, нормативтік кұқықтық актілермен реттелмейтін мемлекеттік қызметтер тізіліміне енбеген әкімшілік рәсімдерді жүргізу барысында өз таңдауы бойынша мерзімдерді қою және артық құжаттар талап ету жағдайында орын алуы мүмкін.

 

 

                      Аудан әкімі аппаратының басшысы                                                          К.Иматов

Дата публикации
11 июля 2025