Қазығұрт ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай күйі және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізу нәтижелері бойынша мәжілістің
ХАТТАМАСЫ
Қазығұрт ауылы 29 мамыр 2025 жыл
Жиналыс төрағасы: Н.Ботаев.
Жиналыс хатшысы: Д.Амантай.
Қатысқандар: аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары мен қызметкерлері және ауыл, ауылдық округінің әкімдері мен мекеме басшылары.
Арнайы шақырылғандар: Ардагерлер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы А.Омаров, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы,, Қазығұрт аудандық қоғамдық кеңес мүшесі, Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты С.Қыпшақбаев.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Н.Ботаев, О.Изтай, Д.Кулимов, Т.Абдакимов, А.Омаров.
Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысының тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекіткен кестесіне сәйкес, Қазығұрт ауданында жергілікті бюджетінен қаржыландыратын атқарушы органдарында ағымдағы жылдың 21 сәуірінен бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп жатқандығы айтылып өтілді.
Аудан аумағындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инватакси қызметін көрсету барысында, Әлеуметтік кодексінің 1-бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер – адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын негіздерді еңсеру үшін адамға (отбасына) жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені.
«Автомобиль көлігі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабының 1-тармақшасына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердің негiзгi принциптері: адамдар қауiпсiздiгiнiң, олардың өмiрi мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғаудың басымдығы.
Заңның 25-бабының 3-тармағына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына кiрiп-шығуына жағдай жасауға мiндеттi.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барсында, Қазығұрт ауданы бойынша 5 358 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Оның ішінде, І-топтағы мүгедектер - 519 (18 жасқа дейінгі бала мүгедектері – 70).
Талдаумен инватакси қызметін көрсету барысында Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «ArtNur» мүгедектер қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі - Бірлестік) арасында түзілген 23.01.2024ж. (№1) келісім шартқа сәйкес «Mercedes-Benz Sprinter 313 CDI» маркалы мемлекеттік белгісі 632ASH13 автокөлігімен «инватакси» қызметін көрсеткен.
Алайда, «инватакси» автокөлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығының (бұдан әрі - Бұйрық) нормативінің (25-тармағына сәйкес инватакси қызметтерін көрсету үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жарақтандырылған автокөлік пайдаланылады) талаптарына сәйкес келмейді. Яғни автокөліктің техникалық құжаттарына сәйкес 18 орынға арналған болса, оның 2 орындығын алып тастап, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықтап, пандус орнатып инватакси қызметін жүзеге асырып жатқандығы анықталғанын.
Одан бөлек, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын және оның жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарымен таныстырып, бұл негізгі құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру, оның жою мүмкіндіктері, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру, азаматтық қоғамның рөлін күшейту сияқты міндеттер қарастырылғанын баяндады.
Тұжырымдамада сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған ауқымды шаралар қарастырылған. Концепциядағы басты жаңалықтардың бірі - негізсіз баюға жауапкершілік енгізу, шетелдегі активтерді қайтару, заңды тұлғалардың жемқорлық үшін жауапкершілігін арттыру және «Integrity check» адалдыққа тексеруді енгізу болып саналады.
Соның ішінде, негізсіз баю мен кірістерді заңдастыру шараларына және сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу бойынша ақпарат беріп, мемлекеттік қызметшілерді ел игілігі жолында адал қызмет етуге шақырды.
Жиын соңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша қойылған сауалдарға жауап берілді.
Мәжіліс жиналысы ШЕШТІ:
Дербес бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округі әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:
Орындау мерзімі: тұрақты.
Орындау мерзімі: тұрақты.
Төраға, аудан әкімі аппараты
басшысының міндетін
уақытша атқарушы Н.Ботаев
Хатшы Д.Амантай