Қазығұрт аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлықтәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазығұрт аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

Қазығұрт ауданы                                                                            05.06.2025 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау объектісі:

 Қазығұрт аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  бағыттары:

 

 

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

 

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізу кезеңі:

 

2024 жыл мен 2025 жылдың 4 айы

 

          «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 – тармағына, және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы                              16 қаңтардағы № 21 бұйрығына және аудан әкімінің 2025 жылғы 10 сәуірдегі                   № 37 н/қ өкіміне сәйкес Қазығұрт аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізілді.

Қазығұрт аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына және ережеге сәйкес қызмет көрсетеді.

Қызметін қозғайтын құқықтық актілер:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі,    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы»   Заңы, «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығына сәйкес аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда зерделенді.

Қазығұрт ауданы әкімдігімен 2024-2025 жылдың 3 айында 3 қаулысы   нормативтік құқықтық шешімі, әзірленіп, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мемлекеттік тіркеуге жіберіліп, мемлекеттік тіркеуден өткен. 

Қазығұрт ауданы әкімдігінің және әкімінің қабылдаған нормативтік құқықтық актілері тіркеуден бас тарту фактілері және тіркелген нормативтік актілерге қатысты прокуратура, әділет органдары тарапынан наразылықтар берілмеген және күші жойылған актілер болмаған.

          Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында:

          Аудан аумағындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инватакси қызметін  Аудан аумағындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инватакси қызметін көрсету барысында, Әлеуметтік кодексінің 1-бабының 1тармағының 4)тармақшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер – адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын негіздерді еңсеру үшін адамға (отбасына) жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені.

      «Автомобиль көлігі туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) 4-бабының                                  1-тармақшасына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердің негiзгi принциптері: адамдар қауiпсiздiгiнiң, олардың өмiрi мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғаудың басымдығы.

      Заңның 25-бабының 3-тармағына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына кiрiп-шығуына жағдай жасауға мiндеттi.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барсында, Қазығұрт ауданы бойынша 5 358 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Оның ішінде,                   І-топтағы мүгедектер -519 (18 жасқа дейінгі бала мүгедектері– 70).

      Талдаумен инватакси қызметін көрсету барысында Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «ArtNur» мүгедектер қоғамдық бірлестігі (бұданәрі- Бірлестік) арасында түзілген 23.01.2024ж. (№1) келісім шартқа сәйкес «Mercedes-Benz Sprinter313 CDI» маркалы мемлекеттік белгісі 632ASH13 автокөлігімен «инватакси» қызметін көрсеткен.

      Алайда, «инватакси» автокөлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығының (бұдан әрі- Бұйрық) нормативінің (25-тармағына сәйкес инватакси қызметтерін көрсету үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жарақтандырылған автокөлік пайдаланылады) талаптарына сәйкес келмейді. Яғни автокөліктің техникалық құжаттарына сәйкес 18 орынға арналған болса, оның 2 орындығын алып тастап, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықтап, пандус орнатып инватакси қызметін жүзеге асырып жатқандығы анықталды. Қазығұрт аудандық жұмыс пен қамту бағдарламалар тарапынан автокөліктің техникалық ерекшеліге сай келмейтіндігне карамастан келсімім шарт түзілгенді жане сол арқылы бюджетке 23.01.2024 жыл мен 20.06.2024 жыл аралығында 2 865 097,20 теңге мемлекетке шығын келтірілген.

            Бір көзден мемлекеттік  сатып алу тәсілін  қолдану жайлы:

«Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (бұдан әрі – Бөлім) мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік сатып алу заңнаманың сақталуына ішкі талдау жүргізді.

      Мемлекеттік сатып алу тізбесі және ережесіне сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады және мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізу барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»  Заң (Алдынғы заңның  редаңциясынан) талаптарын бұза отырып, негізсіз бір көзден жалпы келісім шарт түзілгендігі анықталған:

            Қазығұрт ауданы – 60,7 млн.теңгеге 1 сатып алу.ЖК «Дизайн» 24.04.2024 жылғы №18 көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт түзілген.

      Заңның 39 бабы 3 тармақ  төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және (немесе) жою үшін, Қ.Р-ның аумағында алғаш рет немесе жаңадан анықталған жануарлардың аса қауіпті, экзотикалық ауруларын, карантиндік объектілерді, бөтен түрлерді оқшаулау және (немесе) жою үшін, карантиндік аймақтарда және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде іс-шаралар жүргізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туындаған жағдайда ғана қолдануы тиіс.

      Мұнда, тапсырыс берушінің (Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) заңды бұзғандығы анықталған.

      Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміжалпы сомасы 60,7 млн.теңгеге 1 сатып алу қызметіне Заңның 39 бабы              3 тармақ қолданып әлеуетті өнім берушімен негізсіз келісім шарт түзген.

       Өз кезегінде, Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Заңда көрсетілген жағдайлар бұл сатып алулар конкурс тәсілімен ұйымдастырылуы қажет болатын.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша төмендегіше ұсынымдар беріледі:

  1.   Барлық бюджеттік бағдарламар әкімшілері көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін Мемлекеттік сатып алу туралы заң талаптарын қатаң сақтауды, алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу бойынша тиісті шараларды қабылдауды.
  2. 2. Аудан аумағындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инватакси қызметін көрсету барысында, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі, Қазақстан Республикасының «Автомобиль  көлігі туралы»  Заңының  талаптарын сақтауды.

              Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлігінде 8 мемлекеттік қызметкер, 8 келісім шарт негізінде қызметкерлер жұмыс атқарады.

          Бөлімге қарасты «Жарық-жол және саябақтары» КММ-да – 65 қызметкер жұмыс атқарады. «Таза Су» КММ-да – 162  қызметкер жұмыс атқарады.

          Қазығұрт ауданы бойынша, 25.02.2025 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық тұрғын үй кезегінде жалпы         1470 адам тұр.

         Жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 46  азамат (азаматша);

Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын осал топтағы азаматтар (мүгедектер,жалғыз басты аналар, зейнеткерлер, табысы аз азаматтар және т.б.) - 570 азамат (азаматша);

         Көп балалы отбасылар- 742 азаматша;

          Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері - 112 азамат (азаматша).

        «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының               10-3-бабының 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес,  «Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының, Қазығұрт, Жаңабазар, Рабат елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы дайындалған.

         Жобаның сыбайлас жемқорлыққа бейім сипаттағы 4 ескерту анықталған. 

         Яғни, Ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде архитектуралық құрылыс бақылауы мен қадағалауын, техникалық және авторлық қадағалауды сүйемелдеусіз күрделі жөндеуді жүзеге асыру заңнамалық актілерде белгіленген жауапкершілікті көздейді. 

         Жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы екені белгіленген.

         Мазмұнынан осы өкілеттіктің шектерін айқындау мүмкін болмайтын лауазымды адамның және/немесе мемлекеттік органның өкілеттігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің факторы болып табылады.  

      Осы құқықтық алшақтық уәкілетті тұлғалардың өз қалауы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындауға және қажет болған жағдайда үй- жайлар иелерінің белгілі бір тобының немесе күрделі жөндеуге мүдделі өзге де адамдардың пайдасына еркін қалауын пайдалануға әкелуі мүмкін.

      Ағымдағы жөндеудің сметалық құны бекітілгеннен кейін және көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбетін, шатырын күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасы сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, бөлім бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасайды.

      Қазығұрт ауданының, Қазығұрт, Жаңабазар, Рабат елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі                      іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады (жергілікті бюджеттен қаржы қаралған жағдайда).

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша төмендегіше ұсыным беріледі:

  1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыру және қаржыландыру барысында заңнама талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық деректеріне жол бермеу мақсатында бөлім қызметкерлері арасында тиісті деңгейде құқықтық оқуларды және түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізілсін.

           Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу «Қазығұрт ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен келесідей тәуекелдер анықталған:

          «Қазығұрт ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру  және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерінің атынан корпоративтік банктік есеп шот ашылған.

          Аталған шотты бөлімге қатысты спорттық іс-шараларға, облыстық спорттық ойын түрлерінен жарыстарға, қатысу үшін спортшыларды апару кезінде іс-сапар шығындары төленеді.

         Осы тұста, іс-сапарға бөлінген қаражат үшінші тұлғаға қолжетімді болатындығын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол ашылуы мүмкін және жауапты маманның іс-сапар шығыны мекеме бюджетіне қосымша шығын болуы мүмкін.

          Ұсыныс: Бөлінген қаражаттың үшінші тұлғаға қолжетімді болуынан туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелін алдын алу мақсатында іссапар шығындарын шектік соммамен есептеп, тікелей бапкердің шотына аудару жұмыстарын үйлестіру жөнінде құзырлы мекемеге ұсыныс хат жолдау.

            Қазығұрт аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда 2024 жылдың 12 айдың қорытындысымен жалпы  7615 мемлекеттік қызмет көрсетілген: Оның ішінде

      Электронды түрде 638 қызмет; (мекеме өзінің ақпараттық жүйесі арқылы)
      Қағаз түрінде  77 қызмет,
      (ХҚКО) арқылы 1119 қызмет,
      Е-gov E-lisence ақпараттық жүйелері арқылы 5781 қызмет.

      Қазығұрт ауылдық округі әкімі аппаратына қатысты (1 - дерек):

    «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының 1-қосымшасының 9-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер белгіленген.

      Бұған қоса, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның
19-1-бабы 1-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жіберетіні белгіленген.

      Анықталғандай, «Е-лицензия» порталы арқылы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін өтініш берген.

      Өз кезегінде, қызмет көрсетуден бас тартудың негізгі себептерін көрсетпей, тек заңнамалық актілердегі тармақтарды қоюмен шектелген.

       Жер қатынастары бөліміне қатысты (8 - дерек):

      «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының 1-қосымшасының
9-тармағында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың нақты негіздері белгіленген.

      Бұған қоса, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның
19-1-бабы 1-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жіберетіні белгіленген.

         Дегенмен, Бөлім тарапынан қызмет көрсетуден бас тарту кезінде бас тарту себептерін нақты көрсетпеу деректері кездеседі.

         Мәселен, қызмет алушы «Кар-Тел» ЖШС-гі Бөлімге «Е-лицензия» порталы арқылы жер учаскесінің қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекіту үшін № KZ94RBD02847098 өтініш берген.

         Өз кезегінде Бөлім аталған өтінішке 2024 жылғы 19 маусымдағы
№ KZ76VBG01426396 хабарламасымен «жерге орналастыру жобасы бекіту стандартына сәйкес келмейді және құжаттар электронды түрде жолданып көрсетілмеген» деген негізбен қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқан.

          Осы секілді деректер, Г. Рахимжанованың (02.02.2024ж.
№ KZ17RBD02701238), С. Жоланның (09.01.2024ж. № KZ71RBD02665734, 18.01.2024ж. № KZ65RBD02682235), Р. Абдуллаеваның (15.01.2024ж.                     № KZ30RBD02677821, KZ73RBD02677823), А.Халовтың (08.01.2024ж.                     № KZ07RBD02669699, KZ17RBD02669713) өтініштерінде кездеседі.

           Қазығұрт аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша:

  1. 1. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде стандарттар мен регламенттерді қатаң сақтауды және электронды үкімет веб порталы, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетудің үлесін арттыруды.
  2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын болдырмау және оның алдын алу шараларын қабылдасын, әр-бір сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілері  бойынша бірінші басшылары жеке жауапты екендіктері ескерілсін.
  3. 3. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтамада көрсетілген кемшіліктерді                                 жою бойынша тиісті шаралар қабылдансын.
  4. Мүгедектерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен                      қамтамасыз етуде                                                                                                                                                   

 

 

заңнамамен берілген кепілдіктерді  теңестіру мақсатында бірінші топтағы мүгедекке онымен туыстық байланысына қарамастан күтімді тікелей жүзеге асыратын жеке тұлғаға төленетін арнаулы жәрдемақы мен жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерінің ақысы арасында айырмашылықты теңестіру немесе тек бірінші топтағы мүгедекке онымен туыстық байланысына қарамастан күтімді тікелей жүзеге асыратын жеке тұлғаға төленетін арнаулы жәрдемақына ғана қалдыру ұсынылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмысшы тобының құрамы

 

Жұмыс тобының жетекшісі 

 

               О.Изтай

 

 

Персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы

 

Ұйымдастыру-инспекторлық

бөлімшесінің басшысы

 

             

             

                Б.Түбай

 

              

                Н.Ботаев

 

Ұйымдастыру-инспекторлық

бөлімшесінің бас инспекторы

 

 

 

                Н.Онтаев

Құжаттандыруды

қамтамасыз ету бөлімшесінің

бас инспекторы 

 

 

       

 

               С.Айтбаева

Әкімшілік  бөлімшесінің

бас инспекторы 

 

              Ш.Мамбетова

 

 

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 июля 2025