Шанақ ауылы округі, Ақжар елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Салыбай Садықовтың, Шанақ ауылы округі, Ызабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Даулан Бұралқиевтың есімдерін беру

                                                                                                                                жоба

 

 

Қазығұрт ауданының кейбір

елді мекендеріндегі атауы жоқ

көшелерге атау беру туралы

ұсыныстар енгізу туралы

 

 

          Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының                       14-1 бабының 2-тармақшасына, Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы           № 211 бұйрығына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазығұрт ауыл округі, Қазығұрт елді мекеніндегі атаулары жоқ төрт көшеге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Тұрдықұл Кулимовтың, Исақұл Тастемировтың, Абдан Төлеповтың, Асан Садуовтың есімдерін беру;
  1. Шанақ ауылы округі, Ақжар елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Салыбай Садықовтың, Шанақ ауылы округі, Ызабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Даулан Бұралқиевтың есімдерін беру;
  1. Қ.Әбдәлиев ауылдық округі, Рабат елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Садуақас Жалдановтың есімін беру жөніндегі ұсыныстар Түркістан облысының ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

 

 Аудан әкімі                                                               Аудандық мәслихат төрағасы

                                                                                    

 _____________  А.Исмаилов                                       _____________Т.Калымбетов

 

 

Шанақ ауылы округі, Ақжар елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Салыбай Садықовтың, Шанақ ауылы округі, Ызабұлақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Даулан Бұралқиевтың есімдерін беру
Дата публикации
03 июля 2025