Қазығұрт ауданының Қарақозы Әбдәлиев және Тұрбат ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

№2  ҚАУЛЫСЫ

Қазығұрт ауылы                                                                     2025 жылғы 4 маусым

 

Қазығұрт ауданының Қарақозы

Әбдәлиев және Тұрбат ауылдық

округтері әкімдерінің сайлауын

тағайындау туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылғы 13 шілдеге Қарақозы Әбдәлиев және Тұрбат ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 5 маусымнан басталсын.
  3. 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Қарақозы Әбдәлиев және Тұрбат ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Қазығұрт тынысы» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                      Р.Бобетов

 

Хатшы                                                     Б.Дөненбай

Дата публикации
04 июня 2025