Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№1 ҚАУЛЫСЫ
Қазығұрт ауылы 2025 жылғы 4 маусым
Қазығұрт ауданының Қарақозы
Әбдәлиев және Тұрбат ауылдық
округтері әкімдерін сайлау
жөнінде сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14-бабының 6-тармақшасы, 21-бабының 4-тармағы, 22-бабы негізінде Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Қазығұрт ауданының Қарақозы Әбдәлиев және Тұрбат ауылдық округтері әкімдерін сайлау үшін төмендегі сайлау округтері құрылсын:
- Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округінің шекарасында Қарақозы Әбдәлиев сайлау округі;
- Тұрбат ауылы округінің шекарасында Тұрбат сайлау округі.
- Қарақозы Әбдәлиев және Тұрбат сайлау округтері, олардың шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Қазығұрт тынысы» газетінде жариялансын.
Төраға Р.Бобетов
Хатшы Б.Дөненбай