Қарабау ауылы округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 4 мамырда Қазығұрт ауданы Қарабау ауылы округі әкімінің сайлауы өтті.
Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Қазығұрт ауданы Қарабау ауылы округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қарабау ауылы округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 3429 азамат енгізілді, олардың 2199 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алимкулов Ж.Е. – 1801; Елеуов Н.А. – 224; Усенов Б.У. – 155; «Барлығына қарсы» – 6.
1966 жылы туылған, Қазығұрт ауданы Жұмыссыз Алимкулов Жорахан Ералканович Қарабау ауылы округінің әкімі болып сайланды, Қазығұрт ауданы Қарабау ауылы тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.
Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы