Жігерген ауылы округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Жігерген ауылы округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 4 мамырда Қазығұрт ауданы Жігерген ауылы округі әкімінің сайлауы өтті.

Қазығұрт аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Қазығұрт ауданы Жігерген ауылы округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Жігерген ауылы округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 2280 азамат енгізілді, олардың 1383 дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бейсенбаев М.О. – 108;   Нысанбеков Ф.А. – 184;  Нуралиев Ф.Р. – 1079; «Барлығына қарсы» – 3.

1991 жылы туылған, Қазығұрт ауданы Жігерген ауылы округі әкімі аппартының бас маманы  Нуралиев Фархат Рысбекұлы  Жігерген ауылы округінің әкімі болып сайланды, Қазығұрт ауданы Жігерген ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 мая 2025