Қазығұрт ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды және (немесе) маршруттарды айқындау туралы

Қазығұрт ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды және (немесе) маршруттарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазығұрт ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 қарашадағы №383 «Қазығұрт ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4285 тіркелген, 2017 жылғы 15 желтоқсанда «Қазығұрт тынысы» газетінде және 2017 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. «Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ш. Нұрмановқа жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Т. Калымбетов

Дата публикации
27 октября 2020