Қарабау ауылы округі Сынтас елді мекенінде өткен бөлек қоғамдастық жиынының ХАТТАМАСЫ №4

Қарабау ауылы округі Сынтас елді мекенінде өткен бөлек қоғамдастық жиынының ХАТТАМАСЫ №4

Сынтас елді мекені                                                                   19.03.2025 жыл

Сағат 11:00

Жиын төрағасы: Қарабау ауылы округінің әкімінің орынбасары

                                Мырзакулов Бактияр Сапарбекович                                      

Жиын хатшысы: Санаев Кудияр Мошкалович

Қатысқандар: Қарабау ауылы округі әкімдігінің қызметкерлері 3 адам Сынтас елді мекенінің тұрғындары  160 адам.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

«Түркістан облыстық ономастика комиссиясының Сынтас елді мекенін бөлу жолымен жаңадан құрылатын ауылға Құларық ауылы деп атау беру туралы ұсынысы, осы жердің географиялық сипатына сәйкес келмеуіне байланысты, басқа атау ұсыну бойынша кері қайтарылған қорытындысына сәйкес, жаңадан құрылатын елді мекенге атау беру бойынша» Сынтас елді мекені тұрғындарының  ұсыныс-пікірлерін тыңдау жайлы.

ТЫҢДАЛДЫ:

    Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты жиында төрағалық етуші Қарабау ауылы округінің әкімінің орынбасары Б.Мырзакулов жиынды ашып, баяндамасында Қарабау ауылы округі Сынтас елді мекенін бөлу жолымен, жаңадан пайда болатын елді мекенге «Құларық» ауылы атауын беру бойынша бір қатар жұмыстар атқарылды. Осы бойынша Қазығұрт ауданы әкімдігі мен Қазығұрт аудандық мәслихатының «Ауылды құру, ат қою, есепке алу және тіркеу жөніндегі ұсыныстар енгізу туралы» №2 бірлескен қаулы, мен №18/120-VIII бірлескен шешімі шығарылып, ол құжатта Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылы округі Сынтас елді мекенінінің жалпы аумағы 292,98 гектар жерді бөлу жолымен аумағы 72,71 гектар жерді құрайтын жаңа елді мекенді құру, есепке алу және тіркеу туралы ұсынысы Түркістан облыстық мәслихатының және Түркістан облысы әкімдігінің қарауына енгізілсін. Түркістан облыстық ономастика комиссиясының қарауына елді мекенге «Құларық» ауылы деп ат қою ұсынылсын деп көрсетілгені барлықтарыңызға белгілі.  2024 жылдың 27 желтоқсанында өткен отырыста облыстық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес, Қазығұрт ауданы бойынша Қарабау ауылы округі Сынтас елді мекенін бөлу жолымен жаңадан құрылған ауылға Құларық ауылы деп атау беру туралы ұсыныс, сол жердің географиялық сипатына сәйкес келмеуіне байланысты, басқа атау ұсыну үшін кері қайтарылсын деп қорытындылаған.  «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 27 желтоқсандағы Түркістан облыстық ономастика комиссиясының Сынтас елді мекенін бөлу жолымен жаңадан құрылатын ауылға Құларық ауылы деп атау беру туралы ұсыныс, сол жердің географиялық сипатына сәйкес келмеуіне байланысты, басқа атау ұсыну үшін Сынтас елді мекені халқының   пікірін ескеру  бойынша өз ұсыныстарыңызды, пікірлеріңізді білдіруге, жарыс сөзге шығуларын сұранды.

Жарыс сөзге шығып ұсыныс-пікір білдіргендер:

          Сынтас елді мекенінің тұрғыны – Санаев Қудияр Мошкалович  Сынтас елді мекені ішінен жаңадан құрылатын елді мекенге Құларық ауылы деп атауын беру туралы ұсынысты, осы жердің географиялық атауына сәйкес келмейді деген Түркістан облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысымен жиналысқа қатысушы Сынтас елді мекені тұрғындары келіспейтінін.  «Құларық ауылы» атауы бойынша ғылыми сараптамалық актіге толықтырулар енгіздіріп, «Құралық ауылы» атауын қайта алулары керек екені туралы өзінің ұсыныс-пікірін білдірді. 

          Жиынға қатысушылар К.Санаевтың сөзін қоштап, өз-ара пікір алмасып, бір ауыздан Сынтас елді мекені ішінен жаңадан бөлінетін елді мекенге «Құларық»- деген атау берілсін-деген ұсынысты қолдады және Түркістан облыстық ономасикалық комиссиясының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы Қазығұрт ауданы бойынша Қарабау ауылдық округі Сынтас елді мекенін бөлу жолымен жаңадан құрылатын ауылға «Құларық ауылы» деп атау беру туралы ұсыныс, сол жердің географиялық сипатына сәйкес келмеуіне байланысты басқа атау ұсыну үшін кері қайтарылсын делінген қорытындысымен келіспейтіндері, осы себепті жаңададан құрылатын елді мекеннің атауы «Құларық ауылы»-деп аталсын  деген тоқтамға бір ауыздан келді.

Жиын қотырындылай келе,  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Түркістан облыстық ономастикалық комиссиясының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы Қазығұрт ауданы бойынша Қарабау ауылы округі Сынтас елді мекенін бөлу жолымен жаңадан құрылған ауылға Құларық ауылы деп атау беру туралы ұсыныс, сол жердің географиялық сипатына сәйкес келмеуіне байланысты, басқа атау ұсыну үшін кері қайтарылған қорытындысымен, Сынтас елді мекені тұрғындары бір ауыздан келіспестен, жаңадаң құрылатын елді мекенін атауы сол қалыпында «Құларық ауылы» деген атау қалдырылуға келісім берілсін.

 

                    Жиын төрағасы                                                Б.Мырзакулов

 

                   Жиын хатшысы                                                К.Санаев

Дата публикации
27 марта 2025