Құрметті Қарабау ауылы округі Сынтас елді мекенінің тұрғындары!

Құрметті Қарабау ауылы округі Сынтас елді мекенінің  тұрғындары!

 

Облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы  «Қарабау ауылы округі Сынтас елді мекенін бөлу жолымен, жаңадан құрылатын елді мекенге «Құларық ауылы» атауы сол жердің географиялық сипатына сәйкес келмеуіне байланысты, басқа атау ұсыну үшін кері қайтару туралы» қорытындысы шығарылған болатын. Алайда 19.03.2025 жылы сағат 11:00 де Сынтас елді мекенінің тұрғындарымен өткізілген қоғамдық жиында Сынтас елді мекенін бөлу жолымен жаңадан құрылатын елді мекенге «Құларық» атауын беру ұсынылды. Облыстық ономастика комиссиясының географиялық сипатына сәйкес келмейді деген шешімімен келіспей, «Құларық» елді мекені деген атау қалдырылсын деп халық бір ауыздан ұсыныс білдірді.

 

«Қарабау ауылы округі әкімінің аппараты» ММ

Дата публикации
27 марта 2025