Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылы округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

 2025 жылғы 26 наурыздағы № 63 қаулысы

 

 

Қазығұрт ауданы, Қарабау 

ауылы округі әкімінің

сайлауы бойынша сайлау

округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазығұрт ауданының Қарабау ауылы округі әкімін сайлау жөнінде Қарабау ауылы округі шекарасы аумағында «Қарабау» сайлау округі құрылсын.
  2. «Қарабау» сайлау округі, оның шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.

 

                    Төраға                               Р.Бобетов

                     Хатшы                               Б.Дөненбай

 

Дата публикации
26 марта 2025