2021 жылға Қазығұрт ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы

2021 жылға Қазығұрт ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6 тармағының бірінші абзацына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы №475 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  №17847 тіркелген) Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2021 жылға Қазығұрт ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. «Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
24 октября 2020