Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру.

 

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, «Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметін көрсетеді, қызмет электрондық түрде “электрондық үкімет” веб-порталы www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  13 – бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдаушы кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, тұрғын үйдің қалдық құны он бес миллион теңгеден аз тұрғынжай он жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеуге және қалдық құны  он бес миллион теңгеден асатын тұрғынжай он бес жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеуге беріледі (бастапқы жарнасы кемінде 10%) мүмкіндігімен, қалдық құны бойынша (қалдық құны-тұрғын үйдің жылына 2% тозуын ескере отырып, баланстық құны) тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы.

Мыналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне өтеусіз алады:

Ұлы Отан соғысы ардагерлері; 1 және 2 топтағы мүгедектер; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары; Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары және т.б. өтеусіз негізде жекешелендіруі мүмкін (Заңның 13-бабының 8-тармағы).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру Қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес. мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібі арқылы жүзеге асырылады.

Тұрғын үйді жекешелендіру тәртібімен меншікке алу үшін өтініш беруші тұрғын үй комиссиясының қарауына жалға алушының отбасының кәмелетке толған барлық мүшелері қол қойған қажетті құжаттар тізбесімен бірге тұрып жатқан тұрғын үйді жекешелендіруге өтінішті ұсынады.

Тұрғын үй комиссиясы 30 күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарады.

Дата публикации
17 марта 2025