Шанақ ауыл округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 2 ақпанда Қазығұрт ауданы Шанақ ауыл округі әкімінің сайлауы өтті.
Қазығұрт аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Қазығұрт ауданы Шанақ ауыл округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Шанақ ауыл округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 1625 азамат енгізілді, олардың 1024 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жуманов Б.У. – 929; Утемисов Д.Т. – 83; «Барлығына қарсы» – 8.
1973 жылы туылған, Қазығұрт ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Жуманов Бекбол Утеевич Шанақ ауыл округінің әкімі болып сайланды, Қазығұрт ауданы Шанақ ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.
Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы