Қазығұрт ауыл округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Қазығұрт ауыл округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 2 ақпанда Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауыл округі әкімінің сайлауы өтті.

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауыл округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Қазығұрт ауыл округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 15731 азамат енгізілді, олардың 9596 дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Атымтаев С.Р. – 8288;   Байкулов Н.Ж. – 1271; «Барлығына қарсы» – 25.

1965 жылы туылған, Қазығұрт ауданы «Жарық жол және саябақтары» ММ-нің директоры  Атымтаев Сакен Раманкулович Қазығұрт ауыл округінің әкімі болып сайланды, Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауыл тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
03 февраля 2025