Қазығұрт ауданы әкімінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 7 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

         Қазығұрт ауылы                                                                      село Казыгурт                                                                                                              

 

 

Қазығұрт ауданы әкімінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 7

«Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне

 өзгеріс енгізу туралы

  

 

ШЕШТІМ:

  1. Қазығұрт ауданы әкімінің 2018 жылғы 5 қарашадағы «Сайлау учаскелерін құру туралы» № 7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4772 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

       көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.    

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Қазығұрт ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазығұрт ауданының әкімі

 

А. Исмаилов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазығұрт аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 15.01.2024

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 6450-13 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Акимат Туркестанской области - Бөлімше басшысы Орынбек Әбдібекұлы Изтай, 11.01.2024 17:32:50, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Департамент юстиции Туркестанской области - Заместитель  руководителя департамента Бақытжан Смайылұлы Бейсен, 12.01.2024 15:57:51, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Результаты подписания

«Қазығұрт ауданы әкімі аппараты» ММ - Қазығұрт ауданының әкімі А. Исмаилов, 12.01.2024 16:27:54, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

 

 

Қазығұрт ауданы әкімдігінің

2024 жылғы 11 қаңтардағы № 1

Шешіміне қосымша

Қазығұрт ауданы әкімінің 2018 жылғы «5» қарашадағы № 7 шешіміне қосымша

 

 

Қазығұрт ауыл округі

№ 279 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Қ.Сатпаев атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазығұрт ауылы, Ж.Төлеев көшесі № 2.

Шекарасы: Қазығұрт ауылының М.Әуезов, Ж.Төлеев, Жібек жолы, Қазына, Т.Бигелдинов, Д.Шақабаева, Тәттімбет, Табыс, О.Байжұманов көшелері толығымен, Д.Қонаев көшесінің тақ жағынан № 1-57 үйлері, жұп жағынан № 2-50 үйлері аралығы, Ш.Уалиханов көшесінің тақ жағынан № 1-45 үйлері, жұп жағынан № 2-46 үйлері аралығы.

 

№ 280 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі № 92.

Шекарасы: Қазығұрт ауылының Ә.Тоғаев, Н.Мұратов, Абай, Ә.Молдағұлова, А.Жұбанов, Райымбек батыр, А.Фахрутдинов көшелері толығымен, Ш.Уалиханов көшесінің тақ жағынан № 47-89 үйлері, жұп жағынан № 48-76 үйлері аралығы, Мамбеталиев көшесінің тақ жағынан № 41 үйден   соңына дейін, жұп жағынан  № 36 үйден соңына дейін, Д.Қонаев көшесінің тақ жағынан № 59-111 үйлері, жұп жағынан № 52-112 үйлері аралығы, Қ.Абдалиев көшесінің тақ жағынан № 1-35 үйлері, жұп жағынан № 2-42 үйлері аралығы.

 

№ 281 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Қалаубек Тұрсынқұлов» атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазығұрт ауылы, Қ.Абдалиев көшесі № 76.

Шекарасы: Қазығұрт ауылының Н.Ысмайылов, Құрманғазы, Ырыс, Береке, Қ.Есіркепов, Қ.Қабылбеков, Сүйінбай, О.Жандосов, М.Мақатаев, Б.Момышұлы, Е.Бұғыбаев көшелері толығымен, Қ.Жанысбеков көшесінің жұп жағы толығымен, Ш.Уалиханов көшесінің тақ жағынан № 91 үйден соңына дейін, жұп жағынан № 78 үйден соңына дейін, Қ.Абдалиев көшесінің тақ жағынан № 37 үйден соңына дейін, жұп жағынан № 42 үйден соңына дейін.

 

№ 282 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қазығұрт аудандық № 1 балалар жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі № 178а.

Шекарасы: Қазығұрт ауылының Жамбыл, С.Еділов, Еңбекші, С.Рахимов, Ғ.Мұратбаев, М.Мәметова, А.Яссауи, Әл-Фараби, Д.Нұрпейісова, Ю.Гагарин, М Өтемісұлы, Манасов көшелері толығымен, Майлин көшесінің жұп жағының үйлері және С.Мұқанов көшесінің тақ жағының үйлері толығымен, Қ.Жанысбеков көшесінің тақ жағының № 1-21 үйлері аралығы, Д.Қонаев көшесінің тақ жағынан № 113-ші үйден соңына дейін, жұп жағынан № 114-тен соңына дейінгі үйлер.

 

№ 283 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Ащыбұлақ» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазығұрт ауылы, Мектеп көшесі № 1.

Шекарасы: Қазығұрт ауылының Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Ертіс, Балқаш, Әйтеке би, І.Есенберлин, М.Дулатұлы, Ә.Сасбұқаев, Т.Байтуров, Бурабай, Жайық, С.Тілешұлы, Т.Атанбекұлы, Д.Қабашбаев, Жастар, Алатау, Мектеп, М.Өмірбайұлы, Тәукехан көшелері толығымен.

 

№ 284 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Е.Тасанбаев» атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазығұрт ауылы, Телемұнара көшесі № 53.

Шекарасы: Қазығұрт ауылының М.Тұтқабаев, Төле би, Қазыбек би, С.Кемелов, Ынтымақ, Сауран, С.Ерубаев, М.Кенжебаев, Телемұнара көшелері және Б.Майлин көшесінің тақ жағының үйлері толығымен.

 

№ 285 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының «№11 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі № 2.

Шекарасы:  Қазығұрт ауылының Қ.Данияров, Сырдария, Балуан шолақ, Темірлан, Арыс, Жеңіс, Наурыз, Түркістан, Қаратау, Б.Байбек, А.Қайымбеков, С.Наримов, Ш.Қалдаяқов, Бейбітшілік, Қ.Көпбаев, Достық, Қожақұл би, Отырар, Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, Ы.Алтынсарин, Амангелді көшелері толығымен, Мамбеталиев көшесінің тақ жағының № 1-39 үйлері аралығы, жұп жағының № 2-34 үйлері аралығы.

 

№ 286 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «О.Жандосов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазығұрт ауылы, К.Әзірбаев көшесі № 92А.

Шекарасы: Қазығұрт ауылының Ш.Абуов, М.Балқыбеков, О.Үсіпбеков, Айша бибі, Қаратас, Ж.Өскенбаев, К.Әзірбаев, Қажымұқан, Т.Рысқұлов, Жаңатұрмыс, Қазығұрт көшелері толығымен, Қ.Жанысбеков көшесінің тақ жағынан № 23 үйден соңына дейін, С.Мұқанов көшесінің жұп жағы толығымен.

 

№ 287 сайлау учаскесі.

Орталығы: Аудандық полиция бөлімі, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі № 116.

 

 

Шанақ ауыл округі

№ 311 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шанақ ауылы, Нұржан Болыс көшесі № 20.

Шекарасы: Шанақ ауылы толығымен.

 

№ 312 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Ақжар» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақжар ауылы, Қ.Құдайбергенов көшесі № 25.

Шекарасы: Ақжар ауылы толығымен.

 

№ 313 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Т.Тоқтаров атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ескі Шанақ ауылы, Қасымбек би көшесі № 27.

Шекарасы: Ескі Шанақ, Ызабұлақ, станция Шанақ ауылдары толығымен.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 15.01.2024

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 6450-13 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Акимат Туркестанской области - Бөлімше басшысы Орынбек Әбдібекұлы Изтай, 11.01.2024 17:32:50, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Департамент юстиции Туркестанской области - Заместитель  руководителя департамента Бақытжан Смайылұлы Бейсен, 12.01.2024 15:57:51, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Результаты подписания

«Қазығұрт ауданы әкімі аппараты» ММ - Қазығұрт ауданы әкімдігінің А. Исмаилов, 12.01.2024 16:27:54, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

 

 

Дата публикации
27 декабря 2024