Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 46 ҚАУЛЫСЫ
Қазығұрт ауданы 25 желтоқсан 2024 жыл
Қазығұрт ауданы Қазығұрт және Шанақ
ауыл округі әкімдерінің сайлауын тағайындау
туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ауыл округ әкімдерінің өкілеттіктері мерзімінің аяқталуына байланысты Қазығұрт ауданы Қазығұрт және Шанақ ауыл округі әкімдерінің сайлауы 2025 жылдың 2 ақпанына тағайындалсын.
- 2025 жылғы 2 ақпанына тағайындалған Қазығұрт және Шанақ ауыл округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.
Төраға Р. Бобетов
Хатшы Б. Дөненбай