Қазығұрт ауданы Қазығұрт және Шанақ ауыл округі әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

                                                 № 45  ҚАУЛЫСЫ

 

Қазығұрт ауданы                                                         25 желтоқсан 2024 жыл

     

Қазығұрт  ауданы  Қазығұрт және Шанақ

ауыл округі әкімдерінің сайлауы бойынша

сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңның 14-бабының 6-тармақшасы, 21- бабының 4-тармағы, 22-бабы негізінде Қазығұрт  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазығұрт ауданы Қазығұрт және Шанақ ауыл округі әкімдерін сайлау жөнінде Қазығұрт және Шанақ ауыл округтері шекарасы аумағында «Қазығұрт» және «Шанақ» сайлау округтері құрылсын.

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында және аумақтық сайлау комиссиясының сайтында «Қазығұрт» және «Шанақ» сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері жариялансын.

  

            Төраға                                                                   Р.Бобетов

 

             Хатшы                                                                   Б.Дөненбай

Дата публикации
25 декабря 2024