Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Түркістан

облысы

Қазығұрт ауданы

әкімдігі

 

 

 

Акимат

 Казыгуртского района

 Туркестанской

 области

 

 

ҚАУЛЫ

 

               6  қараша  2024 жыл

             Қазығұрт ауылы                                               

 

 

 

 

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

№ 347

                              село Казыгурт

 

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы

үшін иеліктен шығаруға байланысты

жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84 бабына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының   2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 63 бабы 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес және Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының 2024 жылғы 06 қарашадағы №395 хатын негізінде Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жайылым алқаптарына халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында осы қаулының қосымшасына сәйкес 1 заңды тұлғаға тиесілі барлығы 295,6 гектар жайылым жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейінгі күн осы қаулының 1 – тармағына сәйкес жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын күн:10.02.2025 жыл.
  3. Қосымшада көрсетілген жер пайдаланушылар осы қаулыны қабылдағаннан кейін «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының (одан әрі – Заң) 69-бабына сәйкес келісім рәсімдеріне бастамашылық жасауға құқылы.

Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жүгінетін орын: «Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі №2/д үй.

  1. Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі (С.Алсеитов):

1) осы қаулыны қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, аудан әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда, тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;

2) осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей Заңның 64 бабының 2 – тармағына сәйкес жер пайдаланушыларға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны пошта жөнелтілімінің табыс етілгені туралы хабарламаны міндетті түрде алатындай етіп, пошта арқылы жіберсін, табыс етілгені туралы хабарлама болмаған жағдайда, осы тармақшада көрсетілген құжаттарды қайта жіберсін;

3) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерінің мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны дереу заңдық талап ретінде Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Аширбаевқа жүктелсін.

 

 

        Аудан әкімі                                                          А.А.Исмаилов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              Қазығұрт ауданы әкімдігінің

                                                              2024 жылғы «  6 » қарашадағы

                                                              № 347   қаулысына қосымша

 

                                                

Мемлекеттік мұқтажы үшін қайтарылатын жерлер тізімі.

                                             Мемлекеттік мұқтажы үшін қайтарылатын жерлер тізімі

 

Қ/с

Аты -жөні

ЖСН/БСН

Ауыл

округі

Жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттар

Кадастрлық нөмірі

 

Жалпы жер көлемі

(га)

 

 

Мемлекет

мұқтажы үшін

алынатын жер

көлемі

(га)

 

1

 

«Үш бастау  ӨК»

 

020140007836

Қарақозы Әбдәлиев  а/о

Қаулы№62

06.02.2002 ж

 

19-289-011-1265

 

339,43

 

200,0

 

2

 

«Үш бастау  ӨК»

 

020140007836

Қарақозы Әбдәлиев  а/о

Қаулы №62 06.02.2002 ж

 

19-289-011-1264

 

2825,59

 

95,6

 

Барлығы:

 

 

 

 

 

295,6

                                                            

 

Дата публикации
07 ноября 2024