Құрметті тағам және тағам емес өнімдерді көтерме және бөлшек саудамен айналыстын кәсіпкерлер, Қазығұрт аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы (әрі қарай Басқарма) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексі № 375-V ҚР Заңының «Бақылау мақсатында сатып алу» туралы 144-3-бабын басшылыққа ала отырып, Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласын бақылаушы (қадағалаушы) мекеме ретінде Қазақстан Республикасының Кодекстерінде айқындалған талаптарға сәйкес, өнімдерді бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыруды бастағанын мәлімдейді. Сатып алу, кез-келген азық-түлік, құрылыс, автобөлшектер, киім-кешек сату сауда орталықтарында жүргізіледі.
Дүкен сөрелеріндегі тауарларды бақылау мақсатында сатып алып, оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама (экспертиза) жүргізіп, зерттеу нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің, сондай-ақ, бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер анықталған кезде басқарма тарапынан тауарды өткізуден алып қою және кері қайтарып алу сипатындағы шаралар қолданылатынын назарларыңызға саламыз.
ҚР ДСМ 04.08.2021жылғы "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы № 73 бұйрығының 55 бабының 2 тармағына сәйкес «Тамақ өнімінің қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы тауарға таңбалау, ілеспе құжаттар болған кезде оны қабылдау және өткізуді жүзеге асыруы тиіс» делінген соған сәйкес, сатылымдағы тауарлардың бірыңғай талаптарға сай болуы аса назар аудартады.
Дүкен сөрелеріндегі сатылымдағы тауарлардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес болмауы, яғни бұзушылық анықталса ҚР ӘҚБтК-нің 415-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі шаралар қарастырылған. Сонымен қатар құжаттарды іліспе құжаттарынсыз сату ҚР ӘҚБтК-нің 203-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі шаралар қарастырылған.
ҚР техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында және зиянды тағам өнімдерінің сатылымда өткізілуінің алдын алу, халықтың денсаулығын нығайту мақсатындағы іс шараларды іске асыру мақсатында қадағалаудағы «Тамақ және тамақ емес өнімдерді көтерме және бөлшек саудада сатумен айналысатын жеке кәсіпкерлер орындауы міндетті.
Тұтынушыға сапалы қауіпсіз тауар өнімін өткізу басты назарда!!!