Құрметті тұтынушы, тағам және тағам емес өнімдерді көтерме және бөлшек сауда орындарында кез келген тауар өнімін сатып аларда, оның қауіпсіздігі туралы ілеспе құжаттарының барын сұратыңыз. Сондай-ақ тағам өнімдерін сатып аларда олардың жарамдылық мерзімінің сақталуына (өтіп кетпеуіне), құрамының жазылғанына, таңбалану жағдайына, өндірушінің бар жоғынан аса мән берген абзал.
"Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 04.08.2021жылғы № 73 бұйрығына сәйкес «Тамақ өнімінің қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы тауарға таңбалау, ілеспе құжаттар болған кезде оны қабылдау және өткізуді жүзеге асыруы тиіс» делінген, соған сәйкес сатылымдағы тауарлардың бірыңғай талаптарға сай болуы аса назар аудартады.
Егер сіз сауда орталықтарынан жарамдылық мерзімі өткен, сақталу жағдайы бұзылған органолептикалық қасиеттері (исі, дәмі, түрі) сақталмаған, таңбалауы жоқ тауар өнімін байқасаңыз, 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік Кодексіне сәйкес тиісті органдарға жүгінуге құқылысыз.
Дүкен сөрелеріндегі сатылымдағы тауарлардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес болмауы, яғни бұзушылық анықталған болса, ҚР ӘҚБтК-нің 415-бабымен және тауар өнімдерін іліспе құжаттарынсыз сату ҚР ӘҚБтК-нің 203-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі шаралар қарастырылған.
Халықтың денсаулығын нығайту мақсатындағы іс шараларды іске асыру жолындағы аталған мағлұматымыз тағам өнімін өндірушілерге, сатушыларға және тұтынушыларға пайдасын тигізеді деген үміттеміз.
