№ 2 және № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазығұрт аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы

№ 2 және № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазығұрт аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына,   1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды  бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. № 2 және № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазығұрт аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Қазығұрт аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы «Қазығұрт тынысы» аудандық газетінде және Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

 

 

Төраға                                             Р. Бобетов

 

Хатшы                                             Б. Дөненбай

 

 

 

 

Қазығұрт ауылы,

2024 жылғы 11 қазан

№31

Дата публикации
11 октября 2024