Құрметті Қарабау ауылы округінің тұрғындары!
«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес 23.09.2024 жылы Сынтас елді мекенінде өткізілген қоғамдастық жиын нәтижесінде, «Қарабау ауылы округі Сынтас елді мекенін бөлу жолымен, жаңадан құрылатын елді мекенге «Құларық» атауын беру мәселесі бойынша Сынтас елді мекені тұрғындарының ұсыныс-пікірлері ескеріліп, қолдағандар 748 адам, қарсы 5 адам, қалыстар 1 адам пікір білдіргендерін хабарлаймыз
«Қарабау ауылы округі әкімінің аппараты» ММ