Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 8 тамыздағы №271 «Ауыл, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық меншіктің тізбесін айқындау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі Заңының 1 бабының 7 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 8 тамыздағы №271 «Ауыл, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық меншіктің тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4196 тіркелген, 2017 жылғы 7 қыркүйекте «Қазығұрт тынысы» газетінде және 2017 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. «Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.А.Қалымбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Т. Телгараев