Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс шаралар жоспары

«БЕКІТЕМІН»

аудан әкімінің орынбасары,

жұмыс тобының жетекшісі

____________С.Тұрсынқұлов

«___»_______________2024 жыл

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс шаралар жоспары

№

Ұсыным

Іс шараны аяқтау нысаны

Орындаушылар

Орындау мерзімі

1

Қазығұрт ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 1 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықталды.

Әзірлеуші бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы ставкасының мөлшерін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетуді ұсынған.

Бұл ретте әзірлеуші сыбайлас жемқорлықтың тәуекел факторы – «дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі» түріндегі құқықтық олқылыққа жол берді, оның айрықша қасиеті заңды фактілерді өз қалауы бойынша бағалау және лауазымды тұлғаның белгіленген мерзімді дәлелді негіздерсіз ұзарту немесе қысқарту мүмкіндігі болып табылады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкестендіру

Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Ж.Абданов

18.09.2024 жыл

2

Қазығұрт ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы шешім жобасы әзірленген.

Аталған шешімде, НҚА жобасында сыбайлас жемқорлық 4 тәуекелі бар  норма анықталды.

Атап айтқанда, лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі айқындалмаған, оның ішінде бюджетке қайтарылуға жататын артық төленген сомалардың тәртібі жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің факторы лауазымды адамның және/немесе осы өкілеттіктің шегін анықтау мүмкін болмайтын мемлекеттік органның өкілеттігі болып табылады жобада тұрғын үй көмегін көрсетудің мерзімдері, рәсімдері немесе тетіктері жоқ.

Жобаның 6-тармағында өтініш беру рәсімі, оның ішінде қайта жүгіну рәсімі толық ашылмаған, аз қамтылған отбасының (азаматтың) өтінішті қайта беруге құқығы бар мерзімдері көрсетілмеген.

Ұсынылған норма сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және тұрғын үй көмегін көрсету кезінде лауазымды тұлғаларға кең өкілеттіктер береді.

Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының  6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117  «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкестендіру

Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі І.Ақжол

10.09.2024 жыл

3

 «Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының, Қазығұрт, Жаңабазар, Рабат елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы дайындалған.

Жобаның сыбайлас жемқорлыққа бейім сипаттағы 4 ескерту анықталды. 

Яғни, Ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде архитектуралық құрылыс бақылауы мен қадағалауын, техникалық және авторлық қадағалауды сүйемелдеусіз күрделі жөндеуді жүзеге асыру заңнамалық актілерде белгіленген жауапкершілікті көздейді. 

Жобада дұрыс емес ұғымдарды қолдану әртүрлі құқық қолдану практикасына, сондай-ақ мүдделі тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға әкелуі мүмкін.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының    10-3-бабының 2-тармағы 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағы 16-5) тармақшасына сәйкестендіру

Қазығұрт аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобил жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ә.Жылқыбаев

 

08.09.2024 жыл

 

4

       Сыбайлас жемқорлық деректеріне жол бермеу мақсатында бөлім қызметкерлері арасында тиісті деңгейде құқықтық оқуларды және түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу

Барлық мемлекеттік оргының жауапты қызметкерлері

Дербес бөлім басшылары

Тұрақты  

 

5

      Бөлімге қабылданған (тағайындалған) қызметшілерге «Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау жөнінде шаралар қабылдансын

Барлық мемлекеттік оргының жауапты қызметкерлері

Дербес бөлім басшылары

 Тұрақты  

 

             

 

 

Дата публикации
18 июня 2024