Қазығұрт аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазығұрт аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

Қазығұрт ауданы                                                                            22.05.2024 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау объектісі:

 Қазығұрт ауданы әкімдігінің дербес бөлімдері

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  бағыттары:

 

 

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

 

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізу кезеңі:

 

2023 жыл мен 2024 жылдың 3 айы

 

          «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 – тармағына, және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы                            16 қаңтардағы № 21 бұйрығына және аудан әкімінің 2024 жылғы 18 наурыздағы   № 33 н/қ өкіміне сәйкес Қазығұрт аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізілді.

Қазығұрт аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына және ережеге сәйкес қызмет көрсетеді.

«Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде 8 мемлекеттік қызметкер, 8 келісім шарт негізінде қызметкерлер жұмыс атқарады.

Бөлімге қарасты «Жарық-жол және саябақтары» КММ-да – 65 қызметкер жұмыс атқарады. «Таза Су» КММ-да – 162  қызметкер жұмыс атқарады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының    10-3-бабының 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес,  «Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының, Қазығұрт, Жаңабазар, Рабат елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы дайындалған.

Жобаның сыбайлас жемқорлыққа бейім сипаттағы 4 ескерту анықталды. 

Яғни, Ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде архитектуралық құрылыс бақылауы мен қадағалауын, техникалық және авторлық қадағалауды сүйемелдеусіз күрделі жөндеуді жүзеге асыру заңнамалық актілерде белгіленген жауапкершілікті көздейді. 

Жобада дұрыс емес ұғымдарды қолдану әртүрлі құқық қолдану практикасына, сондай-ақ мүдделі тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға әкелуі мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы екені белгіленген.

Мазмұнынан осы өкілеттіктің шектерін айқындау мүмкін болмайтын лауазымды адамның және/немесе мемлекеттік органның өкілеттігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің факторы болып табылады.

Бөлім бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғынүйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу  жөніндегі жұмыстарды қабылдауды техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды тарта отырып, жүзеге асырады.

Проблемалық нормада құқықтық олқылық түріндегі сыбайлас жемқорлық факторы байқалады, оның өзіне тән қасиеттері лауазымды адамның және/немесе мемлекеттік органның құзыретін регламенттейтін нормалардың болмауы болып табылады, бұл заңсыз пайда алу мақсатында өкілеттіктерді өз бетінше айқындау мүмкіндігін, лауазымды адамдардың және/немесе мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттерін регламенттеуде анық еместікті тудырады, бұл лауазымды адамдардың және/немесе мемлекеттік органдардың өз бетінше айқындалуына мүмкіндік береді.

 Жобада қаржыландыру көзі жергілікті бюджет болып табылатындықтан, жұмыстарды жобалауды, сметалық есепті жасауды және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру мәні мен тәртібі іс жүзінде ашылмаған. Құқықтық реттеудегі бұл олқылықты уәкілетті тұлғалар өз қалауы бойынша толтыра алады, бұл билікті асыра пайдалану және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану болып табылады.

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуы және мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бөлімде орын алмаған.

Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде:

Табиғи газ

Ауданда 61 елді мекеннің 49-ы табиғи газ жүйесімен қамтылып, 80,3 пайызды құрайды (20 207 тұрғын үй бар, оның бүгінгі күнде 17 365-ы табиғи газға қосылған, халық саны ).

2023 жылы 5 нысанның (Шанақ, Ақжар, Ызабұлақ, Шанақ бекеті-Бақабұлақ, Ескі Шанақ) құрылысына бюджет есебінен 466,0 млн. теңге бөлінді.

Оның, 3 нысан (Шанақ, Ақжар, Ызабұлақ) ағымдағы жылы аяқталып, қалған 2 нысанның құрылысы (Шанақ бекеті-Бақабұлақ, Ескі Шанақ) 2024 жылға.

Қазығұрт ауданы Шарбұлақ а/о Шарбұлақ е/м Желтоқсан көшесін табиғи газбен қамтуға және Қарабау а/о Сынтас е/м Байдібек көшесін табиғи газбен қамтуға және Еңбекші е/м табиғи газбен қамтуға ЖСҚ әзірлеуге қаржы қаралған.

Жалпы жыл қорытындысымен 6 елді мекенді пайдалануға беріп, 61 елді мекеннің 55-і табиғи газ жүйесімен қамтылған.

 Ауданда 61 елді мекеннің 59-ы ауыз су жүйесімен қамтылып, 96,7 пайызды құрайды. 57-елді мекен орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтылса, 2 елді мекен бұлақ көзінен алады. (Қарабау е/м – халық саны – 70, Өгем е/м  халық саны – 72)

2-елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеген

Қ.Әбдалиев а/о Жаңаталап е/м

Қызылқия а/о Атажұрт е/м

2023 жылы 3 нысанның (Ақбура, Қызылдихан, Айнатас) құрылысына бюджет есебінен 370,7 млн. теңге бөлінген.

Оның, 3 нысан (Ақбура, Қызылдихан, Айнатас) 2023 ж жылы аяқталды, қалған 1 нысанның құрылысы 662,1 млн теңге (Қазығұрт) 2024 жылға өтпелі болған.

Сонымен қатар «Таза су» МКК тарапынан 2023 жылы аудандық бюджет есебінен 113,0 млн теңге бөлініп 8-нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 2024 жылы 9-нысанға аудандық бюджет есебінен 191,7 млн теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Жалпы жыл қорытындысымен 2 елді мекенді пайдалануға беріліп, 61 елді мекеннің 60 елді мекені ауыз су жүйесімен қамтылған.

2024 жылы Қызылқия ауыл округі Атажұрт елді мекені, Алтынтөбе ауыл округі Қаржан елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін және Қ.Абдалиев ауылдық округі Рабат елді мекеніндегі ауыз су құбырын қайта құруға жобалық сметалық құжаты әзірленуде. Жобалаушы мекеме «Диас-Проект» ЖШС анықталған.

 

    ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯ.

Ауданда 61 елді мекеннің 60-ы электр жүйесімен қамтылып, 98,4 пайызды құрайды. 1-елді мекен дербес электр қондырғыларымен қамтылған.

2023 жылы 10 елді мекенде (Өндіріс, Жаңажол, Жаңаталап, Қаржан, Алтынтөбе, Аққұм, Қызылата, Майбұлақ, Көкібел, Атбұлақ) электр қуаты жетіспейтін көшелерді қуаты жоғары электрмен қамтамасыз ету құрылысына 1,3 млрд. теңге қаралып, пайдалануға берілген.

2024 жылы 7 елді мекендегі 8-нысанға 739,8 млн. теңге қаржы бөлініп, (Қызылдихан, Жаңаталап, Жігірген, Сарапхана, Қарабау, Маханбет, Қосағаш) құрылыс жұмыстары жүргізілген.

 Сонымен қатар, 2023 жылы 8-елді мекенде (Жіңішке, Жаңаталап, Шарбұлақ, Айнатас, Қарабау, Қосағаш, Талдыбұлақ, Үшбұлақ) электр желілерінің құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп сараптама қорытындысы алынып бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс берілген. Жалпы құны: 916,5 млн.теңге құраған.

           Автомобиль жолдары саласы

  1. Аудандық маңызы бар жолдар - 297,5 шақырымды құрайды, асфальт-бетон жабындысы бары- 262,5 шқ, топырақ жол- 35,0 шқ.

 2022-2023 жылдарға өтпелі кезеңімен 5 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1 014,8 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.

«КХКZ-28 КХ-45 «Айнатас-Қақпақ»-Калинина (Тұғыртас) аудандық маңызы бар автомобиль жолы 0-7,25 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджет есебінен 2023 жылдың бюджетін нақтылау барысында жалпы 238,3 млн. теңге бөлініп орта жөндеу жұмыстары басталған.

 2022-2023  жылдарға өтпелі кезеңімен елді мекендердегі 45 ішкі көшелерді орташа жөндеу жұмыстарына 1 735,3 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілген. Оның ішінде 9 көше 2024 жылға өтпелі, қалған 36 көше толық аяқталып, пайдалануға берілген.

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау және тағы басқа фактілер орын алмаған.

Бөлімнің бас маманы Б.Егізовқа тұрғын инспекциясы саласында саласы бойынша «Е-лицензия» порталы арқылы бюджеттік мекелерден 67-өтініш келіп түсіп мерзімін өткізіп тіркелуіне байланысты «Қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жаза бөлім басшының бұйрығымен берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында жоспарға сай жергілікті  БАҚ  - да  2023 жылы 1 мақала, ал 2024 жылдың І-тоқсанында 2 мақала жарияланған.

 

«Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 2024 жылдың наурыз айына – 9 бірлікті, келісім шарт негізінде қабылданатын штат бірліктерінің саны – 12 бірлікті құрайды. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің нақты саны-9.

 2023 жылдың қорытындысымен бөлімге 969 кіріс хаттары және               1289 шығыс хаттары тіркелді, Бөлімнің кіріс хаттары орындаушыларға уақытылы жіберіліп, дер кезінде жауаптар берілген.

Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан жалпы 18 арыз-шағым  тіркеліп, заң талаптарына сәйкес уақытылы жауап берілген. 36 жеке қабылдау жүргізілген (бөлім басшысымен - 19, бөлім басшысының орынбасарымен - 17), жеке қабылдау  барысында  заң талаптары нақтыланып, хаттама түзіліп жауап берілген.

Қазығұрт ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 1 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықталды.

Әзірлеуші бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы ставкасының мөлшерін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетуді ұсынған.

Бұл ретте әзірлеуші сыбайлас жемқорлықтың тәуекел факторы – «дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі» түріндегі құқықтық олқылыққа жол берді, оның айрықша қасиеті заңды фактілерді өз қалауы бойынша бағалау және лауазымды тұлғаның белгіленген мерзімді дәлелді негіздерсіз ұзарту немесе қысқарту мүмкіндігі болып табылады.

«Қазығұрт тынысы» қоғамдық-саяси газеті және «Киелі Қазығұрт» ақпараттық танымдық газетінде жыл қорытындысымен 12 мақала жарияланған.

Бөлімнің кеңсе ғимаратының дәлізінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы хабарламалар стенті мен мемлкеттік қызмет алушылар үшін сенім тенім телефон нөмірі және ANTIKOR 1424 Кол Центр нөмірлері ілінген.

Барлық бюджшеттік бағдарлама әкімшілерінен 2023 жылға бюжеттік өтінім жобалары қабылданып, дұрыстығына талдау жұмыстары жасалына отырып, бюджеттік комиссия отырысына ұсынылды. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы    №35/154-VIІ шешімімен 2023 жылға аудан бюджеті бекітілді. 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік өтінім жобасы бағдарлама әкімішілерінен ағымдағы 2023 жылдың 15 мамырына дейін жинақталған. 2024-2026 жылдарға арналған аудан бюджеті 20 желтоқсан №9/52-VIII шешімімен бекітілген.

Қазығұрт аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы    №35/154-VIІ шешімімен 2023 жылға аудан бюджеті бекітіліп, 2023 жылға аудан бюджеті  3 рет нақтылаудан өткізілген. Соңғы рет 20 желтоқсандағы мәслихат сессиясының № 9/51-VIII шешімімен өзгерістер арқылы нақтыланған.

2023 жылға жергілікті бюджет Қазығұрт аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №35/154-VIІ шешімімен 3 619,9 млн. теңге болып бекітілген. Алайда 20 желтоқсандағы мәслихат сессиясының №9/51-VIII шешімімен 3 599,9 млн. теңге болып нақтыланған.  

2023 жылы аудан бюджетіне өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы 7 рет аудан әкімдігінің қаулысы әзірленген.

2023 жылға аудан бюджеті 2022 жылы 23 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың №35/154-VIІ шешімімен бекітілген. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 27 желтоқсанында №369 қаулымен іске асырылды. Соңғы 2023 жылғы 20 желтоқсандағы  нақтыланған аудан бюджетінің №9/51-VIII шешімін Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №376 іске асыру қаулысы шыққан.

Қазығұрт аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы    №35/154-VIІ шешімімен 2023 жылға аудан бюджеті бекітіліп, 2023 жылға аудан бюджеті  өзгерістер мен толықтырулар арқылы 3 рет нақтыланған.

 2023 жылға аудан бюджеті 2022 жылы 23 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың №35/154-VIІ шешімімен бекітілген. 2023 жылдың  бюджетін нақтылау бойынша 19 желтоқсанда №9 бюджеттік комиссия отырысы өткізілген.

2023 жылға аудан бюджеті 2022 жылы 23 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың №35/154-VIІ шешімімен бекітілген.  Аудан әкімінің ресми сайтына 2023 жылы 10 қаңтарда  азаматтық бюджет түрінде жарияланып,                12 мамырдағы мәслихат сессиясының №2/9-VIII шешімімен нақтыланған 2023-2025 жылдарға арналған аудан бюджеті 20 мамыр күні аудан әкімінің ресми сайтында жарияланған. Сонымен қатар, 07.11.2023 жылғы №7/45- VIII мәслихат шешімен бекітілген бюджет аудан әкімінің ресми сайтына жарияланған.

Мемлекеттік және жергілікті бюджеттің атқарылуы мен тиімді жұмсалуы жөніндегі ақпаратқа қолжетімділікті және олар бойынша ұсыныстар мен арыз-шағым беру кезінде бюрократиялық кедергілерді алдын алып, бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтық бюджет» интернет-порталға жарияланды.

«Ашық бюджеттің интерактивті картасы» (https://www.gov.kz/) сайтына 100% толық жариялап, бюджетті нақтылау барысында жаңарып отырады.

Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімінің мемлекеттік сатып алудың 2023 жылғы жылдық жоспары әзірленіп, 2023 жылдың 9 қаңтар күні бөлім басшысының №2 н/қ бұйрығымен бекітілген. Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары интернет ресурстарына толығымен орналастырылған.

Ауданы әкімдігіне қарасты, мемлекеттік сатып алуларға тапсырыс беруші болып табылатын барлық мекемелерге бюджеттен қаралған қаржыларға мемлекеттік сатып алу жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу Заңнамаларына сәйкес мониторинг жүргізілген.

Қазығұрт ауданындағы коммуналдық меншікті мүліктік жалға беру                   2 келісім шарты түзіліп, мүліктік жалға берілген обьектілерді заң талаптарына сәйкес  өлшеніп  және жалдау ақысы мөлшерінің есебінен шығарылған.

Коммуналдық меншіктегі мүліктерді жалға беру бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша 2 келісім-шарт түзіліп,  Мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кіріс жалпы  2023 жылға жоспар 25 652,0 мың теңге болса,               26 893,3 мың теңгеге орындалған.

Қазығұрт ауданындағы коммуналдық меншіктегі шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың 2023 жылдың қорытындысы бойынша қаржы шаруашылық есептері жинақталып, Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасына ұсынылған.

Аудан әкімідігіне қарасты кәсіпорындарын таза табыстарының бір бөлігін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140, 178 баптары бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін (45 пайызы) тиісті бюджетке аударылған.

Қазығұрт ауданы бойынша АББӘ-нің даму жоспарын МКҚК, МКК, ЖШС, АЕО, орындалған туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарының орындалуы жайлы есептілікті мемлекеттік тізім (www.gosreestr.gov.kz) веб-порталына ағымдағы жылдың 15 мамырна дейін ұсынылған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №126 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2014 жылғы 6 қарашадағы       №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы                      12 маусымдағы №105 бұйрығы негізінде, otbasybank.kz/program-bank Баспана Маркет жылжымайтын порталы арқылы  2023 жылы 495 өтінім түскен.

- 130 маманға 44 850,0 мың теңге көтерме жәрдемақысы,  оның ішінде білім саласы бойынша ( 81 маманға 27 945,0 мың теңге,) денсаулық сақтау саласы бойынша (34 маманға 11 730,0 мың теңге,) спорт саласы бойынша  ( 6 маманға 2 070,0 мың теңге,) агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша (4 маманға 1 380,0 мың теңге) және 5 мемлекеттік қызметшілерге  1 725,0 мың теңге берілген.

- 60 маманға 310 500,0 мың теңге тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит берілді. Оның ішінде білім саласы бойынша ( 29 маманға 150 075,0 мың теңге,) денсаулық сақтау саласы бойынша (26 маманға  134 550,0 мың теңге,) спорт саласы бойынша ( 3 маманға 15 525,0 мың теңге,) агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша (1 маманға 5 175,0 мың теңге) және 1 мемлекеттік қызметшіге  5 175,0 мың теңге берілген.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекені, К.Әзірбаев көшесі №94А үйдің тұрғыны А.Жумадиловтың «Е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу платформасы арқылы Қазығұрт ауданы әкімі аппаратына 3 тамыз 2023 жылғы №ЖЕ-2023-01446511 тікелген арызына сәйкес, экономика және қаржы бөлімінің үнемделген қаржы есебінен 2021 жылғы бонус қаржысы 260 374,0 теңге төленіп берілді. Ал, қалған 2022 жылғы бонус қаржысын төлеуге, ағымдағы жылдың қаржылық жоспарында қаржы қаралмағандықтан, 2024 жылдың бюджетін бекіту барысында қаралатындығы жөнінде өтініш берушіге жауап берілген болатын. Алайда, «Е-Өтініш» электронды жүйесі арқылы арызға жауап беру барысында, арыз берушіні тыңдауға шақыру хабарламасы және тыңдау хаттамасы тіркелмеген.

Сонымен қатар, аталған қателікті зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауыл округі, Қақпақ елді мекені, Түркістан көшесі №11 үйдің тұрғыны А.Кәрібайдың Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімініе жазған арызына дәл осындай қателікпен жауап берілгендігі анықталды.

Жоғарыдағыларды ескере келе, бөлім басшысының 2023 жылғы                     11 қазандағы №54-ж/қ бұйрығымен, бөлімнің экономика және бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы Айтбай Бақытжан Ерболатұлына «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

 

«Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасының заңнамалары, еңбек кодексiне,  өзге де  құқықтық актілерді және мемлекеттік орган ережесін басшылыққа ала отырып, 2023 жылы бөлім басшысы тарапынан шығарылған актілер, жалпы саны 164 бұйрық тіркеліп, оның ішінде: негізгі бұйрықтар 69, жеке құрам бойынша 95 бұйрық тіркелген. 2024 жылдың сәуір айына жалпы саны 45 бұйрық тіркеліп, оның ішінде; негізгі бұйрықтар 17, жеке құрам бойынша  28 бұйрық тіркелген. 2023 жылы жалпы  келген кіріс хаттар саны 662, шығыс хаттар саны 332. 2024 жыл сәуір айына кіріс хаттар 203, шығыс хаттар саны 94. Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес әзірленген.

«Қазығұрт  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-не 2023 жылы жеке және заңды тұлғалардан 8 өтініш тіркелген, бөлім басшысының жеке қабылдауында 11 адам тіркелген. 2024 жылдың сәуір айына жеке және заңды тұлғалардан 8 өтініш тіркелген, бөлім басшысының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауында 3 өтініш есепке алынған. Бөлім басшысының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі бекітіліп, тіркеу журналдары арналған.  Азаматтардан түскен арыз-шағымдар мен өтініштерді қарау мерзімі сақталып, жауап хаттар берілген. Қабылданған шешімдерде сыбайлас жемқорлық пен артықшылықтар жасау фактілері анықталмады. 

«Қазығұрт  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де  4 мемлекеттік әкімшілік қызметкер, 10 азаматтық кіші техникалық қызметшілер еңбек етеді. Бөлімге қарасты  «Қазығұрт аудандық мәдениет сара йы» МКҚК, «Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ және «Қазығұрт аудандық спорт клубы» КММ жұмыс істеуде. 

«Қазығұрт  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ  2023 жылға бекітілген бюджеттік жоспарында  жалпы жергілікті бюджеттен 370,0  (үш жүз жетпіс) млн  тенге қаралып игерілген.  2024 жылға   жалпы жергілікті бюджеттен 518,5 (бес жүз он сегіз) млн теңге қаралып, сәуір айына 110,4 (бір жүз он) млн теңге игерілді. Республикалық трансферттер есебінен  қаржы қаралмаған.

2023 жылы спорттық іс-шараларға 11,9 млн теңге, 2024 жылға спорттық іс-шараларға 15,0 млн теңге қаралып, сәуір айына 2,9 млн теңге игерілген. 2023 жылы материалдық қамтамасыз етуге 1,3 млн теңге қаралып игерілген. Қызмет көрсету мен жабдықтарға 5,7 млн теңге қаралған. 2024 жылға 383 мың теңге қаралды. 2023 жылға іссапарға 1,9 млн теңге, 2024 жылға іссапарға 800 мың теңге қаралып, сәуір айына  410 мың теңге төленген. Баспасөзге жазылу 2023 жылға 50 мың теңге жоспарланып игерілген. 2024 жылға қаржы қаралмаған.

Автокөлік қосалқы бөлшектері үшін 2023 жылға 559 мың теңге қаралып игерілген. 2024 жылға автокөлік қосалқы бөлшектеріне   қаралмаған. Жанар-жағар майға 2023 жылы 367 мың теңге қаралып игерілген. 2024 жылға 439 мың теңге жанар-жағар майға қаралған.

Спорттық іс-шараларға 2023 жылы 11,9 млн теңге қаралып игерілген. 2024 жылға спорттық іс-шараларға 15 млн теңге қаралып, 3,7 млн теңге жұмсалған.

2023 жылы бөлімнің қызметкерлеріне төленетін іссапарлар шығынын аудару мерзімінен кешіктіріліп төленгені анықталды. Атап айтқанда: Бас маман Б.Кулимова, бөлім басшысының 19.01.2023ж. №6 бұйрығымен Түркістан қаласына 2023 жылы 19-20 қаңтар күндері 2 /екі/ күнге іссапарға жіберілген. Іссапар төлемі үшін 34500,0 теңге 24.03.2023ж. кешіктіріліп төленген. Бас маман Б.Орынбасар, бөлім басшысының 06.02.2023ж. №9 бұйрығымен Түркістан қаласына 2023 жылы 6-7 ақпан күндеріне іссапарға жіберілген. Төлем үшін 34500,0 теңге 08.02.2023ж. кешіктіріліп аударылған. Бас маман Б.Орынбасар, бөлім басшысының 14.02.2023ж. №14 бұйрығымен Түркістан қаласына  2023 жылғы 14-15 ақпан күндері  іссапарға жіберілген. Іссапар төлемі үшін 34500,0 теңге 17.02.2023ж. кешіктіріліп аударылған. Бөлім басшысы А.Серкебаев, бөлім басшысының  15.02.2023ж. №15 бұйрығымен /өзіне бұйрық шығарған/ 2023 жылы 15-16 ақпан күндері Түркістан қаласына іссаапарға шыққан. Іссапар төлемі 39750,0 теңге 24.03.2023ж. кешіктіріліп аударылған. Бас маман С.Еримбетов, бөлім басшысының 15.02.2023ж. №15 бұйрығымен Түркістан қаласына 2023 жылы 15-16 ақпан күндері іссапарға жіберілген. Іссапар төлемі 34500,0 теңге 24.03.2023ж. кешіктіріліп төленген. Бөлім басшысы А.Серкебаев, бөлім басшысының  15.02.2023ж. №16 бұйрығымен /өзіне бұйрық шығарған/ 2023 жылы 21-22 ақпан күндері Түркістан қаласына іссаапарда болған. Іссапар төлемі 39750,0 теңге 24.03.2023ж. кешіктіріліп аударылған. Бас маман Б.Кулимова, бөлім басшысының 13.03.2023ж. №20 бұйрығымен Шымкент қаласына 2023 жылы 27-31 наурыз күндері 5 /бес/ күнге іссапарға жіберілген. Іссапар шығыны үшін 117300,0 теңге 12.04.2023ж. кешіктіріліп төленген. Бас маман Б.Орынбасар, бөлім басшысының 04.04.2023ж. №24 бұйрығымен Түркістан қаласына  2023 жылғы 5-6 сәуір күндері  іссапарға жіберілген. Іссапар шығыны үшін 34500,0 теңге 10.04.2023ж. кешіктіріліп аударылған. Бас маман Б.Кулимова, бөлім басшысының 06.04.2023ж. №26 бұйрығымен Түркістан қаласына 2023 жылы 10-11 сәуір күндері  іссапарға жіберілген. Іссапар шығыны үшін 34500,0 теңге 12.04.2023ж. кешіктіріліп төленген. Бас маман Б.Орынбасар, бөлім басшысының 11.05.2023ж. №34 бұйрығымен Түркістан қаласына  2023 жылғы 11-12 мамыр күндері  іссапарға жіберілген. Іссапар шығыны үшін 34500,0 теңге 23.06.2023ж. кешіктіріліп аударылған. Бас маман Б.Кулимова, бөлім басшысының 11.05.2023ж. №37 бұйрығымен Түркістан қаласына 2023 жылы 11-12 сәуір күндері  іссапарға жіберілген. Іссапар шығыны үшін 20000,0 теңге 18.05.2023ж. кешіктіріліп төленген. Бас маман С.Еримбетов, бөлім басшысының 17.05.2023ж. №39 бұйрығымен  Шымкент қаласына 2023 жылы 22-26 мамыр күндері іссапарға жіберілген. Іссапар төлемі 117300,0 теңге 21.08.2023ж. үш ай кешіктіріліп берілген. Бас маман Б.Орынбасар, бөлім басшысының 02.06.2023ж. №46 бұйрығымен Түркістан қаласына  2023 жылғы 5-9 маусым күндері  іссапарға жіберілген. Іссапар шығыны үшін 117300,0 теңге 23.06.2023ж. кешіктіріліп аударылған. Бас маман Б.Орынбасар, бөлім басшысының 15.06.2023ж. №51 бұйрығымен Талдықорған қаласына  2023 жылғы 16-26 маусым күндері  іссапарға жіберілген. Іссапар шығыны үшін 17600,0 теңге 23.06.2023ж. кешіктіріліп аударылған. Бөлім басшысы А.Серкебаев, бөлім басшысының  27.10.2023ж. №76 бұйрығымен /өзіне бұйрық шығарған/ 2023 жылы 27 қазаннан  2 /екі/ күнтізбелік күнге Түркістан қаласына іссаапарда болған. Іссапар төлемі 75900,0 теңге 05.12.2023ж. және 75900,0 теңге 22.12.2023ж. кешіктіріліп аударылған.

 

«Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Аудандық ішкі саясат бөлімінде 3 мемлекеттік қызметкер, 7 келісім шарт негізінде қызметкерлер жұмыс атқарады.

Бөлімге қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-да – 23 қызметкер жұмыс атқарады.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің негізгі атқаратын жұмыс барысы мемлекеттік саясатты насихаттау, мемлекет басшысының жолдауларын халық арасында түсіндіру, аудан көлеміндегі қоғамдық саяси ахуал, этносаралық қатынастар саласының тұрақтылығын қамтамасыз ету, діни ахуал және жастар саясатын жүргізу болып табылады.

  2023 жылы бөлімнің жеке қабылдауында 5 жеке тұлға болған, сонымен қатар бөлімге  3 жеке тұлғадан, 1 заңды тұлғадан өтініш түскен. Бөлімге түскен жалпы кіріс құжаттары – 433, бөлімнің шығыс құжаттары – 100.

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау және тағы басқа фактілер орын алған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша қолданылады. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы негізінде, тәртіптік жазалары бар қызметкерлерге бөлім тарапынан сыйақы берілмейді.

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуы және мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бөлімде орын алмаған.

2023 жылы бөлімге 87 362,0 мың теңге қаралып, 100 пайыз игерілген.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөнінде қызметтерге 17358,0 мың тг, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі қызметтерге 2989,0 мың тг, іс шараларға 3,589 мың тг.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекет басшысының жолдауын және мемлекеттік саясатты насихаттау бойынша:                

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында аудан бойынша мекемелерде  кездесу өткізілді. Жолдауды көрнекі үгіт құралдары бойынша насихаттау негізінде ауыл округтерінде 546 шаршы метр 91 дана баннер орнатылған. БАҚ-ы беттеріне арнайы айдарлар ашылып, түрлі саладағы азамматардың                             37 мақаласы жарияланған.

2023 жылы еліміздің жазушы, ағартушы, батырларын ұлықтау, насихаттау, спорт, білім, мерекелік күндер туралы және  жалпы мемлекеттік саясатты насихаттауға бағытталған түрлі тақырыптарда 6100 шаршы метр 1017 дана баннер аудан көлемінде орналастырылған.

«Ауданда ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты сақтау бағытында                     іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 19 кездесу өткізілген.                

Дін істері басқармасы келісімімен медиа–жоспар бекітіліп, кестеге сәйкес дін саласындағы ақпараттық сүйемелдеу бағытында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына – 68 мақала жарияланған.

Аудан көлемінде «Діни ахуалды анықтау» бойынша 13 ауыл округінде 1930 тұрғындардан сауалнама жүргізілген.

2023-2024 жылға жоспарға сәйкес ішкі саясат бөлімі тарапынан «Қазығұрт ауданы тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру» – тақырыбында әлеуметтік тапсырыс негізінде 2023 жылы «Жаңабазар ардагерлері» қоғамдық бірлестігі тарапынан 13 ауыл округі тұрғындарымен кездесулер, ішкі істер бөлімі қызметкерлері, орталық аурухана, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен, жастар орталығымен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, аудан әкімі аппараты қызметкерлерімен жалпы саны 25 кездесу өткізілген. Кездесулер барысында  2000 парақша, 1000 дана ақпараттық буклеттер таратылған. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында арнайы медиа-жоспар бекітіліп, жоспарға сай жергілікті  БАҚ  - да  2023 жылы 81 мақала, ал 2024 жылдың І-тоқсанында 20 мақала жарияланды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ауыл округтерінде 13 дана билборд орналастырылған.

2024 жылға мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөнінде қызметтерге 23500,0 мың теңге қаралған.

(Түркістан каналы-4,0 млн. тг., Оңтүстік каналы-2,0 млн.тг. Рейтинг газеті-5,0 млн. тг., Қазығұрт тынысы-6,0 млн.тг., Киелі Қазығұрт 2,5 млн.тг. және 4 Сайтқа 4,0 млн.тг. қаралып отыр).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі қызметтерге 5500,0 мың тг. қаралып отыр. 

2023-2024 жылдардағы жоспарға сәйкес ішкі саясат бөлімі тарапынан Қазығұрт ауданы тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру – тақырыбындағы әлеуметтік тапсырыс жұмыстарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отыру ұсынылады.

 

«Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 2024 жылдың                  наурыз айына – 7 бірлікті, келісім шарт негізінде қабылданатын штат бірліктерінің саны – 5 бірлікті құрайды. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің нақты саны - 7.

  Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімнің 2023 жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғалардан жалпы 14 арыз-шағым келіп тіркелген, 14 арыз-шағым да қаралып, түсіндірме жауап берілген.

2024 жылдың 4 айында жеке және заңды тұлғалардан жалпы 7 арыз-шағым тіркелген, 7 арыз-шағым да қаралып, түсіндірме жауап берілген.

«Аудандық аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша 2023 жылы жеке және заңды тұлғалардан 208 өтінім түсті, оның ішінде нөмірлік белгі беру 155 (жеке тұлға-82, заңды тұлға-73).

Ауыл шаруашылығы техникаларын кепілге қою 30 куәліктер беру бойынша 23 өтінім келіп тусті.

 Ағымдағы 15.04.2024 жылы порталға енгізілген ақпараттық жүйе арқылы 4 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 54 қызмет көрсетілген.

  Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  Бөлімде 2024 жыл І тоқсанда е-гов арқылы өтініш берушінің өзі                       3 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 48 қызмет түрін пайдалынылған, бөлімде порталға енгізілгені ақпараттық жүйе арқылы 4, мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 54 қызмет көрсетілген.

   Жеке тұлға тарапынан 28, заңды тұлға тарапынан 15 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-3/421 бұйрығы бойынша тікелей қызмет көрсету мерізімі 2 жұмыс күні деп көрсетілген. Ал электрондық қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе Е-лицензиялау ақпараттық порталы бойынша 1 жұмыс күні ішінде қызмет көрсетіледі.

  Электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арнайы орыннан ашылған.

  Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтің стандартымен ұсынуы айқындалған құжаттарды сұрату фактілері орын алмаған.

Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі – 4.

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер берді. 2024 ж. – 4.

Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын және мемлекеттік нөмірлік белгі беру. 2024 ж. бүгінгі таңға – 37, 14 – заңды тұлға, жеке тұлға – 23.

Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу. 2024 ж. бүгінгі таңда – 2, оның ішінде:  1 – заңды тұлға, жеке тұлға – 1.

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу. Жыл басынан бері бөлімге – 43 өтініш түсіп, барлығы қанағаттандырылды. Мерзімінен кешіктіру жағдайы орын алған жоқ. Жоғарыдағы көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе Е-лицензиялау ақпараттық порталы бойынша қабылданған.

Бөлімнің ғимаратында қоғаммен кері байланысты орнату мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы хабарламалар стенті, ақпараттық жадынама  мен  мемлекеттік қызмет алушылар үшін  сенім телефон нөмірі және  ANTIKOR  1424 Кол Центр нөмірлері ілінген.

 

«Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Аудандық жер қатынастары бөлімінде 3 мемлекеттік қызметкер,                     6 келісім шарт негізінде қызметкерлер жұмыс атқарады.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің негізгі атқаратын жұмыс барысы  Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау, иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру,  мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжэбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау, жерге орналастыруды ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту, жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру, ауданның жер балансын жасау, жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, т.б болып табылады.

2023 жылы бөлімнің жеке қабылдауында 78 жеке тұлға болған, сонымен қатар бөлімге   жеке тұлғадан 55,  заңды тұлғадан 7 өтініш түскен. Бөлімге түскен жалпы кіріс құжаттары – 643, бөлімнің шығыс құжаттары – 536.                    2024 жылы 1 тоқсанға  бөлімнің жеке қабылдауында 22 жеке тұлға болған, сонымен қатар бөлімге   жеке тұлғадан67,  заңды тұлғадан 11өтініш түскен. Бөлімге түскен жалпы кіріс құжаттары –1201, бөлімнің шығыс құжаттары – 170.

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау және тағы басқа фактілер орын алған жоқ.

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуы және мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бөлімде орын алмаған.

2023  жылы 1 конкурс өткізіліп 7 агроқұрылымға 3 893,6 гектар егістік жерлер ауданның арнайы жер қорындағы ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен  берілген.

 Жерді жалдау құқығы бойынша 2023 жылға берілген жоспар 3 874,0 мың теңге болса, нақты 3 910,9 теңге бюджетке түскен. Аудан бойынша 20 131 адам жер кезегінде тұр.

Қазығұрт ауданының  жалпы жер көлемі 409 304 гектарды құрайды.

- 275 296 гектары ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлері;

-        39 701 гектары елді мекендердің жерлері;

-        2 274 гектары өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттағы жерлер;

-        76 573 гектары ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері;

-        60 гектары орман қорының жерлері;

-        424 гектары су қорының жерлері;

-        8 732 гектары ауданның арнайы қорындағы жерлер;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 275 296 гектары жердің 100 928 гектары егістік (13 500 гектары суармалы егістік), 1 950 гектары көп жылдық екпелер, 30 902 гектары шабындық жерлер, 133 634 гектары жайылымдар және 7 882 гектары өзге жерлер болып табылады. Ауданда жалпы 3 688 агроқұрылым бар, оның 3 375 шаруа қожалық, 105 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 127 өндірістік кооператив және 79 саяжай пайдаланушылар.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің басым көпшілігі мемлекеттік емес тұлғалар иелігінде.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 275 296 мың гектар жерлердің, яғни, 130 880 гектары 3 377 шаруа қожалықтарына (47%), 41 522 гектары 105 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне (15%), 81 292 гектары 127 өндірістік кооперативтеріне (30%), 21 593 гектары 2 мемлекеттік заңды тұлғаларға (8%) және 9 гектар саяжай пайдаланушыларға (0,003 %) құрайды.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы 275 296 гектар жердің 270 991 гектары 3 368 тұлғаға жалға, ал 4 305 гектары 150 тұлғаға жеке меншікке берілген.

119 жер пайдаланушының жалпы 3 500 гектар жайылым жерлері ҚР «Жер Кодексінің» 84 бабына сәйкес, аудан әкімдігінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі «мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін иеліктен шығарудың басталуы туралы» №276 қаулысы қабылданып, қазіргі кезде жерлерді қайтарып алу үшін сотқа беріліп, бүгінгі таңда «Көкібел» ЖШС-нің 155,0 гектар жайылымдық жері, соттың шешімімен ауданның арнайы жер қорына қайтарылды. Сонымен қатар, ҚР «Жер Кодексінің» 84 бабына сәйкес, елді мекендерге жақын орналасқан 59 заңды және жеке тұлғалардың 4 033,20 гектар жайылым жерлерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін иеліктен шығарудың басталуы туралы аудан әкімдігінің 25 қаңтар 2024 жылғы №25 қаулысы қабылданған.

2023 жылы жалпы 17090 гектар жер ауданның жер қорына қайтарылған. Оның 90 гектары егістік, 17 000 гектары жайылым жерлер.

2023  жылы 1 конкурс өткізіліп 7 агроқұрылымға 3 893,6 гектар егістік жерлер ауданның арнайы жер қорындағы ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен  берілген.

 

«Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Бөлімнің штат саны 2023 жылы 8 бірлік: 1 бөлім басшысы, 1 бөлім басшысының орынбасары, 2 сектор меңгерушісі, 4 бас маман бар.

Кадрлар ауысқан:

2024 жылдың басынан 8 бірлік: 1 бөлім басшысы, 1 бөлім басшысының орынбасары, 2 сектор меңгерушісі, 4 бас маман бар. Кадрлардың ауысуы орын алған жоқ.

Бөлімде 2023 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 17226 қызмет көрсетілген.

Бөлім тарапынан – 2490

ХҚКО арқылы – 2070

Электронды түрде –12666

2024 жылдың 3 айында Бөлімде 13 көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 3064 қызмет көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы бұйрығы. 2023 жылы 2326 өтініш түсіп оның 1867-не рұқсат берілді, қалған 509 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылған.

2024 жылдың 3 айында 333 өтініш түсіп оның 258-не рұқсат беілді, қалған 75 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылған.

Қазығұрт ауданының прокурорының 02.12.2023 жылы №00578 санды хатымен 2020-2022 жылдары және 2023 жылдың өткен мерзімі ішінде «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының және осы бағыттағы басқа да нормативтік-құқықтық пктілердің талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Алпысов Максут Мусабаевичке,  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдарды үйде әлеуметтік күтім жасау жөніндегі бөлімшесінің меңгерушісі Турлыбаева Гульсим Елемесовнаға және бөлімінің мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдарды үйде әлеуметтік күтім жасау жөніндегі бөлімшесінің кеңесшісі Арапбаева Кунсулу Шаланбаевнаға өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. 

2024 жылдың 3 айында мемлекеттік органдармен тексерулер жүргізілген жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты  теріс  материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зертеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

Бөлімде 2023 жылы заңды тұлғалардың өтініштері 14, жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер 29, бөлім басшысының жеке қабылдауында 27 тұлға болған. Қабылдауға келген 70 тұлғаның барлығының өтініштеріне түсіндіріліп жауаптар берілген.

2024 жылы заңды тұлғалардың өтініштері 1, жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер 12, бөлім басшысының жеке қабылдауында 12 тұлға болған. Қабылдауға келген 25 тұлғаның барлығының өтініштеріне түсіндіріліп жауаптар берілген.

Аудан прокуратурасының 17.05.2023 жылғы №2-12-23-00578 санды заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсынуы;

2024 жылы Талдау кезеңінде прокурорлық ден қою актілері енгізілген жоқ.

Аудан көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың материалдық – тұрмыстық жағдайына заң талаптарына сәйкес бөлім мамандары зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде Қазығұрт, Алтынтөбе, Қ.Әбдәлиев ауыл округтері бойынша 11 отбасыға барлығы 915,9 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалғандығы анықталды. 2023 жылы 6 отбасы 418,8 мың теңгені бюджетке кері қайтарған болса, 5 отбасының 497,0 мың теңгені бюджетке кері қайтару үшін құжаттары  сотқа жолданды. Осы кемшіліктерді жіберген  Алтынтөбе,  Қазығұрт, ауыл округтеріндегі  комиссия мүшелеріне ескерту берілген. 

2024 жылдың 3 айында 8 отбасы 565,7 мың теңгені бюджетке кері қайтарған болса, 3 отбасының 350,0 мың теңгені бюджетке кері қайтару үшін құжаттары  сотқа жолданып, соттың шешімімен қаржыны қайтару бағытында жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар,   Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының              6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы»                       Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы                                8 желтоқсандағы № 117  «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде              № 33763 болып тіркелген) сәйкес Қазығұрт ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы шешім жобасы әзірленген.

Аталған шешімде, НҚА жобасында сыбайлас жемқорлық 6 тәуекелі бар  норма анықталды. 

Атап айтқанда, лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі айқындалмаған, оның ішінде бюджетке қайтарылуға жататын артық төленген сомалардың тәртібі жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің факторы лауазымды адамның және/немесе осы өкілеттіктің шегін анықтау мүмкін болмайтын мемлекеттік органның өкілеттігі болып табылады жобада тұрғын үй көмегін көрсетудің мерзімдері, рәсімдері немесе тетіктері жоқ.

Жобаның 6-тармағында өтініш беру рәсімі, оның ішінде қайта жүгіну рәсімі толық ашылмаған, аз қамтылған отбасының (азаматтың) өтінішті қайта беруге құқығы бар мерзімдері көрсетілмеген.

Ұсынылған норма сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және тұрғын үй көмегін көрсету кезінде лауазымды тұлғаларға кең өкілеттіктер береді.

Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылықтар орын алмаған.  

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша аппаратқа төмендегіше ұсынымдар беріледі:

1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау анықтамасында көрсетілген тәуекелдерді жою бойынша тиісті шараларды қабылдау;

2) Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін заң аясында мерзімінде және сапалы өткізуді қамтамасыз етіп, алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылдасын;

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде стандарттар мен регламенттерді қатаң сақтауды және электронды үкімет веб порталы, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетудің үлесін арттыру;

4) Сыбайлас жемқорлық деректеріне жол бермеу мақсатында бөлім қызметкерлері арасында тиісті деңгейде құқықтық оқуларды және түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу;

5) Бөлімге қабылданған (тағайындалған) қызметшілерге «Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау жөнінде шаралар қабылдансын;

6) Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы және орындалуына айлық, жылдық мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отырсын;

7) Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдерін еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша Е-әкімдік сайтында орналастыру;

8) Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуы бойынша БАҚ-та және әлеуметтік желіде тұрақты түрде мақалалар (оның ішінде мем органның көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы) жариялансын;

9) Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта (қоғамдық орындарда, мейрамханада, қоғамдық көліктерде және т.б.) әдеп кодексін сақтау, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану, кішіпейілділік таныту, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық қызметін асыра пайдаланбау бойынша қатаң ескертілсін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмысшы тобының құрамы

 

Аудан әкімінің орынбасары 

 

               С.Тұрсынқұлов

 

Ұйымдастыру-инспекторлық

бөлімшесі басшысының міндетін уақытша атқарушы

 

        

 

                Ж.Алиев

 

Ұйымдастыру-инспекторлық

бөлімшесінің бас инспекторы

 

 

 

                Е.Нұрлыбек

Мемлекеттік-құқықтық, заң және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің басшысы

 

 

                О.Изтай

 

Персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы

 

Құжаттандыруды

қамтамасыз ету бөлімшесінің

бас инспекторы  

 

 

 

 

               Б.Түбай

       

 

               С.Айтбаева

Әкімшілік  бөлімшесінің

бас инспекторы  

 

              Ш.Мамбетова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

                                            А.Көшкінбай

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

 

                                   Т.Абдакимов

                        

 Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

 

 

                                   А.Серкебаев

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

 

 

                 Д.Кулимов

Аудандық құрылыс, сәулет

және қала құрылысы бөлімі

 

 

                                   Е.Момбеков

Аудандық кәсіпкерлік және

 ауыл шаруашылығы бөлімі

 

                      Н.Қалдыкөзов

Аудандық экономика

және қаржы бөлімі

 

                                    М.Сапиев

Аудандық жер

қатынастары бөлімі

                  С.Алсеитов

 

Дата публикации
18 июня 2024