Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ШЕШІМІ
№12 5 маусым 2024 жыл
Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов
ауылдық округі әкімінің сайлауы
бойынша сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14- бабының 6- тармақшасы, 21- бабының 4- тармағы, 22- бабы негізінде Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қазығұрт ауданының Сабыр Рақымов ауылдық округі әкімін сайлау үшін Сабыр Рақымов ауылдық округінің шекарасы аумағында Сабыр Рақымов сайлау округі құрылсын.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайтында Сабыр Рақымов сайлау округінің шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері жариялансын.
Қазығұрт аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Р.Бобетов
Қазығұрт аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Б. Дөненбай