Дауылды ескерту!

Дауылды ескерту!
24 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан қ.: 24 мамырда таңертең және күндіз кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Негіздеме: «Казгидромет» РМК Түркістан облысы филиалының 23.05.2024 ж. ҚҚ № 23 шығыс хаты.
Осыған байланысты Сіз, төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында кешенді шараларды қабылдауыңыз қажет.

Дата публикации
24 мая 2024