Дауылды ескерту
15 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан қ.: 15 мамырда таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.