СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН


Қазығұрт ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін қарау бойынша жиын болып өтті.
Жиынға дербес бөлім басшылары мен қызметкерлері және ауыл, ауылдық округінің әкімдері мен мекеме басшылары, Ардагерлер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы А.Омаров, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы, Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты С.Қыпшақбаев қатысты.
Жиында дербес бөлімдерде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері баяндалды.
Қорытындысымен сыбайлас жемқорлық қылмыстарын болдырмау және оның алдын алу шараларын қабылдау, құқықтық түсіндірме жүргізу және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету тапсырылды.