Дауылды ескерту!
05 мамырда Түркістан облысында жаңбыр, таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл, күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 23-28 м/с, облыстың тау асуларында 30 м/с және аса.
Негіздеме: «Казгидромет» РМК Түркістан облысы филиалының 04.05.2024 ж. АГҚ № 23/10 шығыс хаты.
Түркістан қ.: 05 мамырда жаңбыр, таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Негіздеме: «Казгидромет» РМК Түркістан облысы филиалының 04.05.2024 ж. ҚҚ № 04 шығыс хаты.
Осыған байланысты Сіз, төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында кешенді шараларды қабылдауыңыз қажет.