Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Қазгидромет» РМК-ның 2024 жылғы 04 сәуірдегі «дауылды ескертуінде» найзағай, дауыл күтілетіндігі (05 сәуірде күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.) көрсетілген.
Желдің салдарынан шатырлардың ұшуы, электр бағаналарының құлауы, қатты жаңбыр салдарынан су басуы және басқада болуы мүмкін жағдайларды ескере отырып, төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шараларын қамтамасыз етуді сұраймын:
- ең бастысы адам өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді іс-шараларды қабылдауды;
- дауылды ескертулерді жергілікті халықтың (шалғайдағы е/м, шаруашылық иелері) назарына жеткізіп, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруды;
- тыныс-тіршілікпен қамтамасыз ететін нысандардың (су, газ) тұрақты (автономды эл. жабдығы) жұмыс істеуін;
- электр желілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында авариялық өшірулер болуы мүмкіндігін халыққа хабарлау;
- дауылды ескертулерді және қауіпсіздік шараларын әрбір тұрғындардың назарына БАҚ (әлеуметтік желілер Whatsapp, Instagram, Facebooк) және басқа да хабарландыру құрылғыларын пайдалана отырып жеткізу және қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруды;
-жағдай күрделенген кезде қала, аудандық деңгейде жауапты мекемелермен бірлесіп жедел штаб құрып, тұрақты түрде мониторинг жүргізуді;
- азаматтық қорғау қызметтерімен үздіксіз өзара іс-қимылды ұйымдастыруды және күштер мен құралдарды жоғары әзірлікте ұстауды.
Сондай-ақ, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қала, аудан аумағындағы барлық елді мекендерде төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын, атқарылып жатқан жұмыстарды қатаң бақылауға алып, жағдай шиеленіскен кезде немесе ТЖ және оқыс оқиғалар орын алған жағдайда Департаментке (8-725-33-5-78-86) шұғыл хабарласу қажет.