2024 жылғы 18 ақпандағы Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылы округінің әкімін сайлау қорытындылары бойынша хабарлама

2024 жылғы 18 ақпандағы Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылы округінің әкімін сайлау қорытындылары бойынша хабарлама

2024 жылғы 18 ақпанда Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылы округінің әкімін сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 6176 азамат енгізілген. Дауыс беруге 2802 сайлаушы қатысты,  оның  ішінде сырттай дауыс беру бюллетенін пайдаланғандар саны - 0, үй-жайдан тыс жерде дауыс бергендер саны - 56.

Жалпы үміткерлердің саны - 2.

Жаңабазар ауылы округінің әкімін сайлауда келесі қорытындылар анықталды:

Акжолов Аскар Куандыковичке 1841 дауыс берілді,

Оразбаев Сакен Ауелбекулына  834 дауыс берілді,

«Барлығына қарсы» деген белгісі бар бюллетеньдердің саны - 13.

Сайлау қорытындысы бойынша Жаңабазар ауылы округінің әкімі болып

1973  жылы туған, Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылы округі әкімі, Жаңабазар ауылының тұрғыны Акжолов Аскар Куандыкович қайта  сайланды.

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
19 февраля 2024