Қазығұрт ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыты бойынша атқарылған жұмыстары туралы
2023 жылдың 12 - айында мелекеттік органдармен БАҚ-та «Қазығұрт тынысы» қоғамдық-саяси газеті және «Киелі Қазығұрт» ақпараттық танымдық газетінде 98 (2022 жылдың қортындысы 86) мақала жарияланды.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 1-тармағын орындау үшін Үкіметтің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен 2026 жылға дейінгі әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазығұрт ауданы әкімі А.Исмаиловтың «Мақсатымыз-жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру» атты мақаласы «Қазығұрт тынысы» газетінде 2023 жылдың 14 сәуірінде жарияланды.
Сонымен қатар, Қазығұрт ауданы бюджетінен 2023 жылға әлеуметтік тапсырыс жұмыстары арқылы аудан көлемінде насихат жұмыстарын жүргізу үшін 4 000 000 теңге, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында насихат жұмыстарын жүргізуге 700 000 теңге қаралды (жалпы қаржының 17.5 % құрайды).
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға бағытталған бейнероликтер (Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент (одан әрі-Департамент) тарапынан дайындалған 4 ролик) аудандағы қоғамдық орында орналасқан LED-экрандарда тұрақты жариялануда жене аудан орталығында және ауыл округтерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл тақырыбында көрнекілік ақпараттар баннерлер тұрақты орналастырылып келеді. (қазіргі таңда жаңартылған баннерлер ауыл округінде орналастырылды)
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы №358 қаулысымен бекітілген жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 56-тармағына сәйкес, әрбір мемлекеттік органда мемлекеттік басқару жүйесін тұрақты жетілдіруге бағытталған үлгілік базалық бағыттың төртінші блогы - Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» жобасы іске асырылуда.
Бұл ретте, №4 ҮББ-нің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» тармағына сәйкес, «Әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ай сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу» тапсырылған.
Тапсырма шеңберінде, Қазығұрт ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта мемлекеттік қызметшілермен ай сайынғы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп өткізілген іс-шараларды әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда жариялап келеді.
Ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияда, аудан әкімі аппаратының мәжілістерінің күн тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау жөніндегі тапсырмалар тұрақты беріледі.
Қазығұрт ауданы әкімінің «2022-2023 жылдарға арналған жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру туралы» өкімімен құқықтық оқудың жоспары бекітілген. Осы өкімге сәйкес ауыл, ауылдық округтердің әкімдері және аудандық дербес бөлімдерінің жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру туралы шешімдері (өкім, бұйрық) қабылданып, оқыту жұмыстары жүргізілуде. (2023 жылы аудан әкімі аппаратында 7 құқықтық сабақ өткізілді).
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылдың 3 қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес әрбір мемлекеттік орган басшысы өз ұжымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында шараларды қабылдап отыру міндеттелген.
Қазығұрт ауданында тұрақты түрде әр мемлекеттік орган өз ұжымдарында және барлық бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сипатындағы түсіндіру жұмыстарын өткізіп, әлеуметтік желіге жариялап келеді (әлеуметтік желідегі жарияланым саны 42).
Одан бөлек, Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы негізінде, Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңесінің 18.03.2022 жылғы №3 хаттамасымен, аудандық Қоғамдық кеңес жанынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия» құрылып (төрағасы Апазбек Сманов), нәтижесімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бағытында аудан тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңестың отырысында аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі тыңдалып келеді.
Қосымша: 2023 жылдың 31 наурызы күні аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің және Жаңабазар ауылы округі әкімінің есептері тыңдалды.
2023 жылдың 23 маусымы күні аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің, аудандық полиция бөлімінің, аудандық аумақтық инспекция бөлімінің және Шанақ ауылы округі әкмінің есептері тыңдалды.
2023 жылдың 29 тамызы күні аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің есептері тыңдалды.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың мәліметі
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» аталмыш «Адал көмек» жобасы аясында аудан аумағында түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар арнайы парақшалар таратуда.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мақсатында дербес бөлім басшылары, ауыл округі әкімдері, мекеме, ұйым басшылары азаматтарды жеке қабылдап, сұрақтарына жауап беріп Facebook әлеуметтік желілері арқылы офлайн шығып, халыққа ақпараттық бағыт-бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша білім беру мекемелерінде кездесулер мен семинар-тренингтер болып өтті.
«Аналар асыл жандар» қоғамдық бірлестігі мен бірлесе отырып «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында ардагерлер, ҮЕҰ мүшелері, белсенді жастармен кездесулер болып өтті.
«Күрең тұлпар» қоғамдық бірлестігі мен бірлесе отырып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениет: түсінігі және қатынасы» тақырыбында мекеме, ұйым қызметкерлері мен аудан жастарының арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың қыр-сырлары түсіндіріліп, халық көп шоғырланатын орындарда орталық базар маңында, саябақта арнайы парақшалар таратылды.
Одан бөлек, «Аналар-асыл жандар» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ауданымыздың 13 ауыл округінде мәдениет үйі мен клубтарында сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінде, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында, орталық ауруханада, «Аманат» партиясында, Жастар ресурстық орталығында және аудан орталығындағы мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлерді қатыстыра отырып, жыл көлемінде жалпы 20 кездесу өткізілді.
13 ауыл округінде «Азаматтық белсенділігіңді арттыр, жемқорлыққа жол берме! 1424» тақырыбында 3х2 көлемде 13 дана билборд орнатылды.