Қазығұрт ауданы әкімінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 7 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазығұрт ауданы әкімінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 7 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ШЕШТІМ:

  1. Қазығұрт ауданы әкімінің 2018 жылғы 5 қарашадағы «Сайлау учаскелерін құру туралы» № 7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4772 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

       көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.    

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Қазығұрт ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазығұрт ауданының әкімі

 

А. Исмаилов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазығұрт аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 15.01.2024

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 6450-13 болып енгізілді

Результаты согласования

Акимат Туркестанской области - Бөлімше басшысы Орынбек Әбдібекұлы Изтай, 11.01.2024 17:32:50, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Департамент юстиции Туркестанской области - Заместитель  руководителя департамента Бақытжан Смайылұлы Бейсен, 12.01.2024 15:57:51, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Результаты подписания

«Қазығұрт ауданы әкімі аппараты» ММ - Қазығұрт ауданының әкімі А. Исмаилов, 12.01.2024 16:27:54, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі


Қазығұрт ауданы

әкімдігінің 2024 жылғы

11 қаңтардағы№ 1

Шешіміне қосымша

Қазығұрт ауданы әкімінің

2018 жылғы «5» қарашадағы

№ 7 шешіміне қосымша

Жаңабазар ауыл округі

№ 266 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Елшібек батыр атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жаңабазар ауылы, Рахымбай Ханалы көшесі № 10.

Шекарасы: Жаңабазар ауылы толығымен.

 

№ 267 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Үлгілі ауылы, Елшібек батыр көшесі       № 58.

Шекарасы: Үлгілі ауылы толығымен.

 

№ 268 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Жылыбұлақ» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жылыбұлақ ауылы, Өмірсерік Қалдыбайұлы көшесі № 68.

Шекарасы: Жылыбұлақ, Жаңажол ауылдары толығымен.

 

№ 269 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Қарабастау» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарабастау ауылы, Расул Төленді көшесі № 70.

Шекарасы: Қарабастау ауылы толығымен.

 

№ 270 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Әбдікәрім Бектаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жаңаталап ауылы, Сансызбай Рсымбетұлы көшесі № 111.

Шекарасы: Жаңаталап ауылы толығымен.

 

№ 271 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Кенен Әзірбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Үшбастау ауылы, Қожамберді Көшімбетұлы көшесі № 23 А.

Шекарасы: Үшбастау ауылы толығымен.

 

№ 272 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Тілектес» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Тілектес ауылы, Зиямет Бостанов көшесі № 46 А.

Шекарасы: Тілектес ауылы толығымен.

 

№ 273 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Жеңіс» негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жеңіс ауылы, Ұлытау көшесі № 5.

Шекарасы: Жеңіс ауылы толығымен.

Дата публикации
17 января 2024