Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 10 қаңтардағы
№ 2 ШЕШІМІ
Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округі
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 113-1 бабына сәйкес, Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 18 ақпанына тағайындалсын.
- 2024 жылдың 18 ақпанына тағайындалған Жаңабазар ауыл округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары шешімнің қосымшасы ретінде бекітілсін.
- 3. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпараттар кұралдарында және Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.
Комиссия төрағасы Р.Бобетов
Комиссия хатшысы Б.Дөненбай