Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 24 қыркүйекте өткен Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылының әкімінің сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 24 қыркүйекте өткен Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылының әкімінің сайлау қорытындылары туралы

2023 жылғы 24 қыркүйекте Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылының әкімінің сайлау өтті.

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылының әкімінің сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде аудандық сайлау комиссияларының қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3849 азамат енгізілді, оның 2838-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 37, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 15.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Таубай Құрал Таубайұлы – 198; Орынбай Абай Жорабекулы – 2588;

Қақпақ ауылының әкімі болып Орынбай Абай Жорабекулы сайланды, 1979 жылы туған, Қазығұрт ауылында тұратын, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы Қазығұрт аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жетекші маманы, Қазығұрт ауданының Қақпақ ауылының әкімі болып тіркеу.

Қазығұрт  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
25 сентября 2023