МАҚСАТЫМЫЗ - ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Бір сөзбен айтқанда, еліміз дамудың жаңа деңгейіне «Жаңа Қазақстанды» құру жолына бет бұрды. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Осы орайда қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте «Жемқорлық - індет, онымен күресу - міндет» деген қағиданы жұрт санасына орнықтыру - барлық мемлекеттік органның ортақ жұмысы. Бұған бір реттік науқан ретінде қарамау керек. Азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын күшейтіп, жүйелі түрде жүргізу қажет» - деп нақтылап айтты.
Біздің басты ұстанымымыз - Әділдік пен заң үстемдігін орнату.
Сәйкесінше, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттырудың нәтижесінде, жемқорларға деген теріс көзқарас қалыптастыру, яғни пара алуды, пара беруді өз мәселелерін шешудің оңай әдісі деп қарайтын тұлғалардың үлесін түбегейлі азайту.
Бұл жұмыстарға барлық мемлекеттік органдардың қоғам өкілдерінің белсенді қатысуы маңызды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін, жүйелі жұмыстар нәтижесімен жыл сайын коррупция үшін жауапкершілік те күшейіп келеді:
- бірінші басшының тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуі міндеттелді.
- Парақорлық үшін бас бостандығынан айыру мерзімі 15 жылға дейін ұзартылды.
- Құқық қорғау органдары мен соттарға қылмыстық жауаптылық қатаңдады.
- Жемқорлар үшін мемлекеттік қызметке өмір бойына тыйым салынды.
- Ауыр жемқорлық қылмыстары үшін түрмеден ерте босату шектелді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы. Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорларсыз мемлекет.
Сондықтан, баршаңызды «жемқорлық» атты дертке қарсы күресуге шақырамын.
Исмаилов Азизхан Азимханұлы,
Қазығұрт ауданының әкімі