Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ШЕШІМІ №104

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ШЕШІМІ №104

Қазығұрт ауылы                                                          2023 жылғы 16 тамыз.

Қазығұрт ауданының Қақпақ

ауылы округі әкімін сайлау

жөнінде сайлау округтерін

құру туралы

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 14- бабының 6 тармақшасы, 21- бабының 4- тармағы, 22 бабы негізінде Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Қазығұрт ауданының Қақпақ ауылы округі әкімін сайлау жөніндегі Қақпақ сайлау округі Қақпақ ауылы округі шекарасында құрылсын.
  2. Қақпақ сайлау округі, олардың шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері (Қазығұрт елді мекені, Ертіс көшесі, №27) аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Қазығұрт тынысы» газетінде жариялансын.

Қазығұрт аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                    Р.Бобетов

 

Комиссия хатшысы                     Б.Дөненбай

Дата публикации
16 августа 2023