Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ШЕШІМІ №105

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ШЕШІМІ №105

Қазығұрт ауылы                                                          2023 жылғы 16 тамыз.

Қазығұрт ауданының Қақпақ

 ауылы округі әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 113 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2023 жылғы 24 қыркүйекке Қақпақ ауылы округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2023 жылғы 17 тамыздан басталсын.
  3. 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Қақпақ ауылы округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы шешім аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Қазығұрт тынысы» газетінде жариялансын.

Қазығұрт аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                          Р.Бобетов

 

Комиссия хатшысы                          Б.Дөненбай

Дата публикации
16 августа 2023