2022 жылғы 18 мамырдағы  № 10 шешім, Қазығұрт ауданы әкімінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 7 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

2022 жылғы 18 мамырдағы                                                                    № 10

Қазығұрт ауылы                                                                                                         село Казыгурт

Қазығұрт ауданы әкімінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 7 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ШЕШТІМ:

  1. Қазығұрт ауданы әкімінің 2018 жылғы 5 қарашадағы «Сайлау учаскелерін құру туралы» № 7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4772 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

       көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.    

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Қазығұрт ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазығұрт ауданының әкімі

 

А. Абдуллаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазығұрт аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 25.05.2022

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 28194 болып енгізілді

Результаты согласования


Қазығұрт ауданының әкімі

2022 жылғы 18 мамырдағы

№ 10 Шешіміне қосымша

 

Қазығұрт ауданы әкімінің 2018 жылғы

«5» қарашадағы № 7 шешіміне қосымша

Қызылқия ауыл округі

№ 294 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының  адами әлеуетті дамыту басқармасының  Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жібек жолы көшесі № 7А.

Шекарасы: Қызылқия ауылының Дүйсебай Болыс көшесінің тақ жағының № 1-55 үйлері, жұп жағының № 2-56 үйлері аралығы, Б.Әшірбаев көшесінің тақ жағының № 1-21 үйлері, жұп жағының № 2-22 үйлері аралығы және А.Амалов көшесі мен Айнатас ауылы толығымен.

№ 295 сайлау учаскесі.

Орталығы: «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қызылқия ауылдық мәдениет үйі, Ұ.Сақұлы көшесі № 43А.

Шекарасы: Қызылқия ауылының Н.Тоқтамыс, Ұ.Сақұлы, Ғ.Мұратбаев, С.Нүсенов көшелері толығымен, Дүйсебай Болыс көшесінің тақ жағының № 57 үйден бастап соңына дейін, жұп жағының № 58 үйден бастап соңына дейін, Б.Әшірбаев көшесінің тақ жағының № 23 үйден бастап соңына дейін, жұп жағының № 24 үйден бастап соңына дейін.

№ 296 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының  адами әлеуетті дамыту басқармасының  Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қызылсеңгір» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Н.Машақұлы көшесі № 20.

Шекарасы: Қызылсеңгір, Тұғыртас ауылдары толығымен.

№ 297 сайлау учаскесі.

Орталығы: Түркістан облысының  адами әлеуетті дамыту басқармасының  Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ынталы» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ж.Иманбердиев көшесі № 31А.

Шекарасы: Ынталы ауылы толығымен.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 25.05.2022

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 28194 болып енгізілді

Дата публикации
17 мая 2023