Қазығұрт ауданы әкімінің 2022 жылы атқарған жұмыстары жайлы.

Қазығұрт ауданы әкімінің 2022 жылы атқарған жұмыстары жайлы.

Құрметті аудан тұрғындары!

Қазығұрт ауданы әкімінің 2022 жылы атқарған жұмыстары жайлы.

Бюджет саласы бойынша:

(слайд №1) 2022 жылға аудан бюджеті 22 142,7 млн. теңгеге бекітіліп, жыл қорытындысымен 3 125,0 млн. теңгеге артып, 25 267,8 млн. теңгені құрады. Оның ішінде: ішкі кіріс көздері 2 186,2 млн. теңгеге бекітіліп, жыл көлемінде қосымша 343,1 млн. теңгеге ұлғайтылды.

Жергілікті бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдер 2022 жылға жоспар 2 529,3 млн. теңге болса, жыл қорытындысымен 2 666,5 млн. теңгеге орындалып, 105,4% құрады.

Кәсіпкерлік саласы бойынша

         (слайд-2) Аудандағы жалпы 16 өнеркәсіп кәсіпорындарының өнім көлемі жыл қорытындысымен 13,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,1%-ға орындалды (2021ж. 12,6 млрд.тг).

(слайд-3) Негізгі капиталға бағытталған инвестиция 23,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 123,6 %-ға немесе 4,7 млрд. теңгеге артты (2021 ж. 18,4 млрд.теңге).

Жалпы бюджеттік емес жеке инвестиция 19,1 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9 млрд. теңгеге артты                                     (2021 ж. 12,2 млрд.теңге). Ресбуликалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 2,2 млрд. теңге және банк кредиттері 299,7 млн теңгені құрады

(слайд-4) Ауданымыздағы шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамуда. 2022 жылы жалпы 65 шағын жоба іске асырылды. Бүгінгі таңға тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны 12 529 бірлікті құрап, одан жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 12 368 бірлікке жетіп, жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 98,7% құрады. Бұл жақсы көрсеткіш. Осы бағытта ауданымызда 16 743 адам жұмыспен қамтылып, олардың өндірген өнім көлемі 100,4 млрд. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 123,5% артты (2021ж. 81,3 млрд.теңге).

(слайд-5) Мемлекеттік қолдау бағдарламаларының бірі ол «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы. Бағдарлама аясында жалпы бүгінгі күнге дейін 84 жобаға банк несиелерін субсидиялау (1,5 млрд. теңге), қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қолдаулары көрсетілді.

Президент шағын және орта бизнестің рөлін күшейтіп, оның ел экономикасындағы үлесін   2025 жылға қарай 35 пайызға дейін жеткізу міндетін қойған. Бұл бағытта «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бастау алған болатын. Бағдарлама аясында 40,0 млн. теңгелік 1 жоба қаржыландырылып отыр. Қажетті несиемен қамтамасыз ету жұмыстары 2023 жылы жалғасын табатын болады.

2022 жылы 65 жоба ашылып, 1420 адам жұмыспен қамтылып отыр.                 Бұл шағын жобалар негізінен дүкен, балабақша, автокөлік жөндеу орталығы, қоғамдық тамақтану орындары және т.б.

 

Ауыл шаруашылығы бойынша.

(слайд-6) Аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласы болып табылады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2022 жылы 66,7 млрд. теңгеге орындалып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 6,9  млрд. теңгеге өнім көлемі ұлғайды (2021ж. 12 ай 59,8 млрд.тг). Нақты көлем индексі 104,7 пайызды құрады. Оның ішінде: мал шаруашылығы 39,5 млрд. теңгені, егін шарушылығы 27,2 млрд. теңгені құрады.

 

Өсімдік шаруашылығы

(слайд-7) Аудан көлемінде биылғы жылы 90 330 гектар жерді игеру жоспарланса, 2022 жылы 91 269,3 гектар жер игерілді. Яғни меже           101,0 пайызға орындалып отыр.

 

Дақылдар бойынша тарқатып айтар болсақ Бидай- 43 819,4 га, Арпа – 6281,6  га, Дәндік жүгері – 439,4, Бұршақты дақылдар – 30,5, Мақсары – 8616,0 га, Күнбағыс – 236,5 га, Көкөністер – 514,1 га, Бақша – 73,9 га, Картоп – 253,7 га, Жоңышқа – 31 004,2 га.

 

 

«1-алқаптан 2-өнім алу» жобасы бойынша да біршама жұмыстар атқарылды. Жоба бойынша 11 ауыл округінен 122 шаруа қожалық иелері 170 гектар жерге 1-ші дақылдарын егіп, дақыл өнімдерін жиналды. Жалпы   1-ші дақылдың өнімі 2716,63 тоннаны құраса, 2-ші дақылдың өнімі                   1554,64 тоннаны құрады.

2022 жылы жылыжай көлемі 10 гектарға ұлғайтылып, Жалпы аудан бойынша жылыжай көлемі 180,78 гектарға жеткізілді. Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі 62,8 гектарға, ал жаңбырлатып суғару әдісі 1100,2 гектарға ендіріліп, жалпы су үнемдеу технологиялық әдістері 1163,0 гектарға жеткізілді. Қарқынды бау шаруашылығын дамыту 40 гектарға орындалды (жалпы 664,8 гектар). 2022 жылы 82 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

 

Мал шаруашылығы

(слайд-8) Мал өнімдері 2022 жылы ет 30,9 мың тн, сүт  58,8 мың тн. жұмыртқа 7,3 мың тонна өндірілді. Мал басы санына келер болсақ: ірі қара мал басы 67,2 мың бас, қой-ешкі 326,2 мың бас, жылқы 34,8 мың бас, құс 82,2 мың басты құрады.

 

Инфрақұрылым бойынша: аудандағы елді мекендердің ауыз су және табиғи газбен қамту, елді мекен көшелерін жарықтандыру, елді мекеннің ішкі көшелерінің мәселелері ауылдың ғана емес ауданның өзекті мәселелері болып табылады. Бұл мәселелерді шешу кезең-кезеңімен жоспарға қойылған.

 

 

 

  Ауыз су

   (слайд-9) Аудан бойынша 62 елді мекеннің ауыз сумен қамтылғаны 59-ға жетіп, 95,1 пайызды құрауда.

    2022 жылы 144,2 млн. теңгеге 11 елді мекеннің (Қазығұрт, Маханбет, Жіңішке, Алтынтөбе, Қызылата, Рабат, Тұрбат, Үшбұлақ, Атбұлақ, Бақабұлақ, Шарбұлақ) ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

   2021-2022 жылдары 2 елді мекен (Ызабұлақ, Шанақ бекеті) құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 291,9 млн. теңге қаржы бөлініп, пайдалануға берілді.

  Жігерген ауыл округі Айнатас елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы нысанына республикалық бюджеттен 276,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде: аудан бойынша 60 елді мекен ауыз сумен қамтылып, 96,7 пайызға жетеді.

   Тұрбат а/о Қызылдихан е/м қайта құру ауыз су жүйелерінің құрылысына 2022 жылға 685,9 млн. теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын жүргізілуде. Нысан 2023 жылға өтпелі.

 

    Табиғи газ

   (слайд-10)  Ауданда 62 елді мекеннің 49-ы табиғи газ жүйесімен қамтылып, 79,0 пайызды құрайды.

    2022 жылы Еңбек елді мекені (Жаңағасыр, Наурыз көшелері) және Атбұлақ елді мекенін (Үмбеталиев, Ж.Қаппаров, Жүнісбек ата көшелерін) газбен қамтамасыз етуге 86,8 млн. теңге қаралып, пайдалануға берілді.

    2021 жылы 2 нысанның құрысына  Тесіктөбе елді мекені 30,5 млн. теңге , Майбұлақ елді мекен 38,7 млн. теңге тиісті қаржы бөлініп, 2022 жылы тұрғындар газға қосылды.

  2023 жылы Шанақ елді мекеніне 200,0 млн теңге және Ақжар елді мекеніне 149,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталып, аудан бойынша 52 елді мекен табиғи газ жүйесімен қамтылып, 83,8 % құрайтын болады.

Электр жарығы

(слайд №11) 2022 жылы 12 елді мекенге (Қазығұрт, Еңбек, Тұрбат, Ынталы, Айнатас, Қызылқия, Қ.Мамбетұлы, Қызылсеңгір, Қызылдала, Рабат, Еңбекші, Қақпақ) 1 063,0 млн. теңгеге электр қамтамасыз ету құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

1 - елді мекенге (Қазығұрт) 212,8 млн теңге қаралып құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысан 2023 жылға өтпелі.

2023 жылы 13 елді мекенде (Шарбұлақ, Өндіріс, Жаңажол, Жаңаталап, Қаржан, Алтынтөбе, Аққұм, Қызылата, Майбұлақ, Көкібел, Атбұлақ, Қазығұрт, Рабат) Элетр қуатына жетіспейтін көшелерді қуаты жоғары электрмен қамтамасыз ету құрылысына 407,4 млн. теңге қаралды.

 

Жол саласы

(слайд №12) 2022 жылы аудандық және облыстық бюджет есебінен 1 184,7 млн. теңгеге (оның ішінде облыстық бюджеттен 817,1 млн теңге, аудандық бюджеттен 367,6 млн теңге) 102,9 шақырымды құрайтын 27 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға 2022-2023 жылдар аралығында өтпелі кезеңмен орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Жігерген елді мекенінен 12,3 шақырымды құрайтын 5 көшеге 219,6 млн.теңге қаржы бөлініп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінен 7,9 шақырымды құрайтын 6 көшеге 123,9 млн.теңге қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

          Облыстық бюджеттен 2021-2022 жыл аралығында Өндіріс елді мекендегі Тастақсай өзені арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмысына 176,7 млн. теңге қаржы қаралып, пайдалануға берілді.

 Сонымен қатар, Жаңабазар ауылы округі Ұя өзені арқылы өтетін автожол көпірін күрделі жөндеу үшін 167,3 млн теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2023 жылға өтпелі.

  (слайд №12-1) 2022 жылы КХ-29 «Шарапхана-Жаңабазар-1 Мамыр»-Талдыбұлақ, КХКZ-2 «КХ-48 «Қазығұрт-Тұрбат»-Қызылдихан аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының орта жөндеу жұмыстарына 172,0 млн теңге қаржы бөлінсе, КХКZ-33 “Ескі Шанақ – Ызабұлақ” 6,0 шқ, КХКZ-18 “Шанақ – Бақабұлақ ст.” 3,9 шқ, КХКZ-31 “Ақжар-Ескі Шанақ- ст. Шанақ” 0-13,5 шқ, КХКZ-31 “Ақжар-Ескі Шанақ- ст. Шанақ” 13,5-22,0 шқ аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының орта жөндеу жұмыстарына 454,3  млн. теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.  Нысандар 2023 жылға өтпелі.

    Өзекті мәселелердің бірі болып келген “Алматы –Ташкент – Термез” тас жолынан 2021-2022 жылы 609,6 млн. теңгеге Қазығұрт, Сарапхана елді мекендерінен 3 дана жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынып, пайдалануға берілді.

 

Білім саласы бойынша:

         (слайд №13) 2022 жылы 6 елді мекенде салынып жатқан типтік мектеп ғимараттарының 2-еуі (Рабат, Сырлысай) пайдалануға берілсе, 4 мектеп (Атажұрт, Көкібел, Тұрбат, Майлыошақ) 2023 жылға өтпелі.

          Сонымен қатар үш аусымды Амангелді жалпы орта мектебіне қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуде (150 орындық мектеп, асхана, шеберхана, спортзал).

         2022 жылы “Ауыл Ел бесігі” жобасы аясында  Жігерген елді мекеніндегі Абай мектебі және Сарапхана елді мекеніндегі Алтынсарин мектебі күрделі жөндеуден өткізілді.

       

Мәдениет саласы бойынша:

         (слайд №14) Аудан бойынша 2022 жылы 840 мәдени іс шара өткізілді.

        «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы 509,3 млн. теңгеге 2 елді мекеннен (Шанақ, Жігерген) мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 2023 жылы 15,3 млн. теңге қаралды.

     Қалған 2 елді мекендегі (Алтынтөбе, Сынтас) мәдениет үйлерінің құрылысы бойынша тиісті құжаттары облыстық салалық басқармаларға ұсынылды.

 

Спорт саласы бойынша:

 (слайд №15) Аудан бойынша 2022 жылы 146 спорттық іс шара өткізілді.

 «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы Жаңабазар елді мекеніндегі №3 спорт мектебі күрделі жөндеуден өткізілді.

           2022 жылы кәсіпкерлер есебінен Қызылқия ауыл округінен спорт кешені және Жаңабазар елді мекенінен 2 жабық футбол алаңшасы пайдалануға берілді.

 

Денсаулық сақтау саласы бойынша:

(слайд №16) Аудан бойынша  55 денсаулық сақтау мекемелері тұрғындарға қызмет көрсетуде.

2021 жылы аудандық емхана ғимараты 102 млн. тенгеге күрделі жөндеуден өтті. Аудандық орталық аурухана ғимараттары 590,0 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023-2024 жылдары Қақпақ, Ынталы, Жаңаталап, Еңбекші, Қызылсеңгір елді мекендерінен фельдшерлік-акушерлік пункттердің және Қазығұрт елді мекені «Қызылту» дәрігерлік амбулаториясының құрылысын салуға тиісті қаражаттары қаралып кезең-кезеңмен  салу  жоспарланған.

Аудан көлемінде Коронавирус жұқпасы бойынша 2021 жылда 329 жағдай есепке алынған болса,  2022 жылы  86   жағдай тіркелді, қарым қатынаста болған 182 адам анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Сонымен қатар, жыл басынан пневмония ауруымен сырқаттанған      44 жағдай анықталып, үй ошағында қарым қатынаста болған 122 адам анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

 

          Әлеуметтік сала бойынша: 

          (слайд №17) 2022 жылы 3287 (жылдық жоспар 1953) жаңа жұмыс орындары ашылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспары 170 адам болса, 270 азамат жұмысқа орналастырылды. Нәтижесінде қазіргі таңда жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды, жастар жұмыссыздығы 3,7 пайызды құрап отыр. 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 4216 (жылдық жоспар 3932) азамат қатыстырылды.

          Аудан бюджетінен 252 отбасындағы 1385 аз қамтамасыз етілген адамға барлығы 18,3 млн. теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, толығымен төленді. 1944 отбасындағы 11517 аз қамтамасыз етілген адамға барлығы 863,0 млн. теңге төленсе, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларындағы 1-6 жасқа дейінгі 2440 балаға 164,4 млн. теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілді.

          Сауықтыру орнына 608 жолдама және 110 қол арба портал арқылы алынып таратылды.

           

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну бойынша

(слайд №18) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу  және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша 2022 жылы 147 маманға 450 26,1 мың. теңге көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит 72 маманға 330 804 мың. теңге қаржы берілді.

2023 жылға 130 маманға 44 850,0 мың. теңге көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит 60 маманға 310 500,0 мың. теңге қаржы беру жоспарлануда.

 

 

 

 

Құрылыс саласы бойынша:

         (слайд №19) Құрылыс жұмыстарының көлемі 2022 жылы 7 693,6 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 109,5 пайызды көрсетті.

         Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 27,6 мың ш.м. жетіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 106,8% орындалды.

         Аудан көлемінде жалпы 948 адам тұрғын үй кезегінде тұр.

         2022 жылы Қазығұрт елді мекенінен 2 қабатты 10 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысын аяқталып, 20 отбасына берілді. 

         2023 жылы 1 қабатты 2 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысы басталады.

         Қазығұрт елді мекені Шығыс мөлтек ауданының инженерлік - коммуникациялық инфроқұрылымының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына кезекте тұрған 592 тұрғынға жер телімін беру жоспарлануда

 

Қоғамдық қауіпсіздік бойынша:

(слайд №20) 2022 жылы жалпы қылмыстар саны 263 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,9 пайызға немесе 30 фактіге қылмыс өсіп отыр (2021 жылы 233 бірлік). Ал орын алған қылмыстардың ашылу жағдайы 68,4 пайызды құрап былтырғы жылмен салыстырғанда 15,7 пайызға жоғарылаған. (2021 жылы 53,6%) 

  • Ауыр қылықтар 6,0 пайызға
  • Аса ауыр қылмыстар 25,0 пайызға
  • Қоғамдық орындардағы қылмыс 8,8 пайызға төмендесе,
  • Мал ұрлығы 85,7 пайызға ,
  • Алаяқтық қылмыс 2 есеге артқан

2022 жылы 38 жол көлік оқиғасы орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 72,7 пайызға өскен.

 

Ұялы байланыспен қамту бойынша:

(слайд №21) 2022 жылы 4 елді мекенге ұялы байланыс желісін орнату жобаға еніп,   2 елді мекен қамтылды.

4 елді мекенге жаңа станция қойылса, 3 елді мекен 3G байланысынан 4G байланысына жаңартылды.

2023 жылы 4 елді мекенге ұялы байланыспен қамтылатын болады. Қосымша 10 елді мекенде 3G байланысынан 4G байланысына жаңартылады.

Ауданда атқарылған тиісті жұмыстардың арқасында біршама мәселелер өз шешімін тапқанымен, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін көптеген жұмыстарды атқаруымыз қажет.

 

Баяндама  аяқталды назарларыңызға рахмет!

word
Дата публикации
05 апреля 2023