ЖОБА
Қазығұрт ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
|
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
|
|
|
Қазығұрт аудандық мәслихат хатшысы |
|
|
|
|
Қазығұрт аудандық мәслихатының «___»________ 2020 жылғы №____ шешіміне 1 - қосымша
|
Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
ТӘРТІБІ
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – Қазығұрт ауданының мәслихаты бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.
Бейбіт жиналыс – сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара.
Шеру – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтары тобының көлік құралдарын пайдаланбай белгілі бір уақытта, белгілі бір маршрут бойынша жүріп өтуі, бұл дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе онсыз, талаптар қойыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады.
Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу үшін
арнайы орындардың материалдық-техникалық қамтамасыздығы
|
№ п/п |
Арнайы орын атауы |
Материалдық-техникалық қамтамасыздығы |
Шекті толу саны |
|
1. 1. |
№1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алаңы |
Жер учаскесінің аумағы – 800 ш.м. - көше жарығы; - электр энергиясын қосу нүктесі; - бейнебақылау және бейнежазба камералары; -15 тұрақ орны (1 кіру, 1 шығу). |
200 адам |
«Қазығұрт ауданының Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:
- бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айрықша белгісі;
- периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;
- бейбіт жиналыстар кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, көлік құралдары, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары және осы Заңда көрсетілген құралдарды пайдалану туралы;
- БАҚ үшін арнайы белгіленген орын (лента немесе қоршаумен шектеу; фото-видео түсірілім және сұхбаттасу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету);
- бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауды;
- Қазығұрт ауылының Д.Қонаев көшесінің шеру бағытымен танысу.
Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:
- өтініште көрсетілген мерзім аралығында мамандандырылған орынның аумағында орналасады;
- ғимараттардың, құрылыс жайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
- санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;
- бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.
Қазығұрт аудандық
мәслихатының
«___»________ 2020 жылғы
№____ шешіміне
2 - қосымша
Пикеттер өткізу ережесі
Пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және/немесе адамдардың және/немесе органдардың, ұйымдардың іс-әрекеттері/әрекетсіздігі бойынша көпшілік алдында пікір білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының белгілі бір уақытта белгілі бір жерде болуы.
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;
5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
6)магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
Рұқсат етіледі:
- бір азаматың белгілі бір жерде қозғалыссыз болуы
- плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын пайдалану;
- пикеттеу ұзақтығы (бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда), дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.
Рұқсат етілмейді: