Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының әлеуметтік парақшасына жолданған Қазығұрт ауданы, Қ.Абдалиев ауыл округінің тұрғыны Нургул Болаткызының өтініші бойынша:

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының әлеуметтік парақшасына жолданған Қазығұрт ауданы, Қ.Абдалиев ауыл округінің тұрғыны Нургул Болаткызының өтініші бойынша:
Қ.Абдалиев ауыл округі, Рабат елді мекені Болашақ көшесіндегі биікте орналасқан екі тұрғын үйге 200-350 метр ауыз су құбыры «Таза су» МКК тарапынан тартылып жұмыстар жүргізілген болатын. Аталған екі тұрғын үй биікте орналасқандықтан су құбырын реттеу арқылы күніне 2 сағат су беріліп келген.
Алайда ағымдағы жылдың қыркүйек айының аяғында су құбырынан болған ақаулардың көбейіп кетуіне байланысты, ретке келтіру жұмыстары кезінде биікте орналасқан тұрғын үйлерге су жеткізу мүмкіндігі болмаған. Қазіргі таңда Ақбура бұлақ көзінің көлемі 124 л/сек тан 75 л/сек төмендеуіне байланысты Рабат, Ақжол, Еңбекші, Қызылдала, Атбұлақ елді мекендерінде ауыз су уақытпен берілуде.
Сонымен қатар Рабат елді мекені Болашақ көшесінде ауыз су құбыры тартылмай қалып кеткен тұрғын үйлерге ауыз су құбырын жүргізу үшін құны 25000,0 мың теңгені құраған сметалық есептері әзірленіп, аудандық бюджет есебінен 2023 жылы қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қазығұрт аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
 
Дата публикации
22 декабря 2022