Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы

үшін иеліктен шығаруға байланысты

жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84 бабына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының   2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 63 бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының       31 бабына сәйкес және Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының 02.08.2022 жылғы №15/01-09/6 хатын қарап, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазығұрт ауданына қарасты барлық елді мекендерде өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналыстарда елді мекен маңындағы жайылым жерлерді халықтың ортақ жайылым жерлеріне беруіне байланысты осы қаулының қосымшасында көрсетілген 121 жеке және заңды тұлғаларға тиесілі барлық көлемі 3570,21 гектар жер мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін және жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейінгі күн осы қаулының 1 – тармағына сәйкес жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын күн.
  3. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген 121 жеке және заңды тұлғалар осы қаулыны қабылдағаннан кейін «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының (одан әрі – Заң) 69-бабына сәйкес келісім рәсімдеріне бастамашылық жасауға құқылы.

Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жүгінетін орын: «Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі №2/д үй.

  1. Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі (С.Алсеитов):

1) осы қаулыны қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, аудан әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда, тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;

2) осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей Заңның 64 бабының 2 – тармағына сәйкес меншік иесіне жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін, өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны пошта жөнелтілімінің табыс етілгені туралы хабарламаны міндетті түрде алатындай етіп, пошта арқылы жіберсін, табыс етілгені туралы хабарлама болмаған жағдайда, осы тармақшада көрсетілген құжаттарды қайта жіберсін;

3) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерінің мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны дереу заңдық талап ретінде Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қалымбетовке жүктелсін.

 

 

                             Аудан әкімі                                     А.Абдуллаев

 

Дата публикации
19 сентября 2022