ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 7 тамызда Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылы округі әкімінің сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылы округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Алтынтөбе ауылы округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4225 азамат енгізілді, оның ішінде 3355 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 133, «Барлығына қарсы» деген жолда қойылған белгі – 238.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алибаев Д.Н. – 2703; Жақыпов Н.Е. – 281;
Алтынтөбе ауылы округінің әкімі болып Алибаев Данабек Нурмаханович, 1987 жылы туған, Алтынтөбе ауылы округі әкімі аппараты ММ-нің басшысы, Алтынтөбе ауылы округінде тұрады, «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалымен ұсынылды.
Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы