Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ШЕШІМІ № 46
Қазығұрт ауданы 2022 жылғы 07 шілде.
Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылы
округінің әкімін сайлау жөніндегі
сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 14- бабының 6 тармақшасы, 21- бабының 4- тармағы, 22 бабы негізінде Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
Төрағасы Р. Бобетов
Хатшысы Б. Дөненбай
Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ШЕШІМІ № 47
Қазығұрт ауданы 2022 жылғы 07 шілде.
Қазығұрт ауданы Алтынтөбе
ауылы округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 113-1 бабының 1, 1) тарамақшасы, 2,4-тармақтары негізінде Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
І. Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылы округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 07 тамызға тағайындалсын.
ІІ. 2022 жылғы 07 тамызға тағайындалған Алтынтөбе ауылы округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
ІІІ. Осы шешім Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет бетінде және жергілікті баспасөз ақпарат құралдарында, аудандық «Қазығұрт тынысы» газетінде жариялансын.
Төрағасы Р. Бобетов
Хатшысы Б. Дөненбай
Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 07 тамыздағы № 47 шешіміне қосымша
Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
|
1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауды тағайындау |
|
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары 2022 жылы 7 тамызға (113-1-б. 2, 3-т.)
|
|
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2022 жылдың 16 шілдесінен кешіктірмей. (22-б.)
|
|
3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2022 жылдың 16 шілдесінен кешіктірмей. (13-б. 4-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2022 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей. (17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тиісті әкімдер Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2022 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей. (23-б. 5-т.)
|
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен 2022 жылғы 08 шілде басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда 2022 жылдың 22 шілде де жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. (113-3-б. 1-т.)
|
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары (4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.) |
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап. (14-б. 8-1) т., 31-б.) |
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде. (113-4-б.) |
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде. (113-4-б. 7-т.)
|
|
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Партиялық тізім тіркелгенге дейін Кандидат тіркелгенге дейін
(113-5-б. 3-т.)
|
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.)
|
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын 2022 жылдың 26 шілде күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (113-5-б.) |
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні 2022 жылдың 5 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) |
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Тиісті әкімдер Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын (24-б. 5-т.)
|
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2022 жылдың 22 шілдеден кешіктірмей. (26-б. 1-т.)
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2022 жылдың 27 шілдеден кешіктірмей. (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2022 жылдың 5 тамыз кешіктірмей.
(37-б. 3-т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Жергілікті уақыт бойынша 2022 жылдың 07 тамызда сағат 06:00де. (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, 2022 жылдың 07 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2022 жылдың 07 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей. 2022 жылдың 10 тамыздан кешіктірмей. (113-10-б.) |
|
29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей 2022 жылдың 11 тамыздан кешіктірмей (44-б.)
|
|
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде
Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін. 2022 жылдың 14тамыздан кешіктірмей
(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.
Төрағасы Р. Бобетов
Хатшысы Б. Дөненбай